Жаңа реформалар қоғамдағы демократиялық құндылықтарды дамытуға бағытталған. Мемлекеттік басқару жүйесі жетілдіріліп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау күшейеді.
Конституциялық өзгерістер елдің құқықтық жүйесін жетілдіруге ықпал етеді. Заңдардың әділ орындалуы және азаматтардың құқықтарының қорғалуы – қоғамның тұрақты дамуының негізі.
Менің ойымша, жаңа конституциялық реформалар елдің дамуына оң әсер етеді. Олар мемлекеттік басқаруды жетілдіріп, халықтың мемлекет өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Бұл демократиялық қоғам қалыптастыруға көмектеседі.
Қабыл Турсын,
Мәдениет саласының қызметкері




