Жаңа конституциялық реформалар мемлекет дамуының маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы – елдегі барлық заңдар мен мемлекеттік басқарудың негізін анықтайтын басты құжат. Сондықтан оған енгізілген өзгерістер қоғамның саяси, құқықтық және әлеуметтік өміріне тікелей әсер етеді.
Басты мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдікті сақтау. Бұл өзгерістер Парламенттің рөлін күшейтіп, заң шығару процесінің тиімді болуына ықпал етеді. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. Конституциялық соттың құрылуы – осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі.
Ол заңдардың Конституцияға сәйкестігін тексеріп, азаматтардың құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді.
Мықыбаев Жуман Сембаевич,
Ардагерлер ұйымының төрағасының орынбасары




