Сенбі, 14 Наурыз 2026 17:26

Әймен батыр мұражайы ашылды

Жуырда Әймен орта мектебінде тарих пен дәстүрге тағзым ететін ерекше шара өтті. Мектепте Әймен батыр атындағы арнайы мұражай бөлмесінің ашылу салтанаты ұйымдастырылып, лентасы қиылды. Шараға Бөлек ауылдық округінің әкімі Дулат Қасымшалов, ауылдың үлкендері, мектепте ұстаздық еткен зейнеткерлер және түлектер қатысты.

Мұражай кабинетінде мектептің тарихы, өткен жылдардағы басшылар, «Алтын белгіге» бітірген түлектер жайлы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, директор Ақмарал Есенбаева Әймен батыр туралы өмірі мен ерліктері туралы деректерді бөлісті. Дегенмен де батыр туралы бізге жеткен деректер тым аз екенін тілге тиек етті. Айтуынша, Әймен батыр Байтемірұлы Шапырашты-Теке елінен шыққан, атақты Дәулетбай бабаның Рысбайдан туған немересі. Байтемірдің бірінші әйелі қалмақ қызы Жырғалы болса, екінші әйелі Коянкөзді Таутүрген ауылына келін етіп алады. Жырғалыдан бес ұл, Коянкөзден екі ұл тарайды, олардың ішінде Әймен мен Еркебай есімдері айқын белгіленген. Әймен батырдың анасы Коянкөздің азан шақырып қойған есімі Айнамкез болып, ақылдылығымен, емшілігімен елге танымал болған.

Ақмарал Жақашева атап өткендей, Әймен батыр Ақтабан шұбырындыдан кейін ел қорғау жолында Іле өзенінің сол жағалауын жаудан азат етуге атсалысқан. Кейбір деректерге сәйкес, ол 25 жасында қайтыс болған және деректер бойынша ұрпағы болмаған. Мектеп мұражайында осы мәліметтерге сүйене отырып, батырдың өмірі мен ерліктері қонақтарға таныстырылды.

Мектептің мәжіліс залында оқушылардың өнері тамашаланды. Зейнеткер ұстаздар естеліктерімен бөлісіп, мектебіне деген сүйіспеншілігін білдірді, оларға шапан жабылды. Сонымен қатар мектеп түлектері де сөз алып, жылы лебіздерін жеткізіп, мектепке үлкен теледидар сыйлады.

Мұражайдың ашылуы мен концерттік бағдарлама ауыл тарихына, Әймен батырдың ерлігін дәріптеуге, мектепке деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған маңызды шара ретінде есте қалды.

 

 

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 35 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Государственный язык – веление времени О людях хороших »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет