Бұл – әр азаматтың ел болашағына қатысты өз пікірін білдіріп, маңызды шешім қабылдауға қатысатын жауапты сәт.
Осы орайда Алматы облыстық аналар кеңесінің төрағасы Гүлнар Жошыбаева да референдум учаскесіне барып, өз таңдауын жасап, дауыс берді. Ол ел тағдырына қатысты маңызды мәселелерде әр азаматтың белсенді болуы қажет екенін атап өтті.
Референдум – халықтың еркін білдіретін демократиялық тетік. Сондықтан мұндай маңызды кезеңде әрбір дауыс елдің ертеңіне әсер ететінін ұмытпауымыз керек.
Еліміздің болашағы үшін қабылданатын шешімдерде азаматтардың белсенділігі мен жауапкершілігі әрқашан маңызды.




