Жексенбі, 15 Наурыз 2026 08:57

ЕЛ БОЛАШАҒЫНА БАСТАЙТЫН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Алдағы референдум – ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатын маңызды саяси науқан. Бұл – әр азаматтың ел тағдырына бейжай қарамай, өз пікірін білдіретін маңызды сәт. Осыған орай республика бойынша дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қарасай ауданына қарасты Ұмтыл ауылдық округінде де референдумға жан-жақты әзірлік жасалып, барлық учаскелер қажетті талаптарға сай дайындалуда.
— Референдум – ел болашағына әсер ететін маңызды саяси науқан. Ұмтыл ауылдық округінде барлық референдум учаскелері талапқа сай дайындалып жатыр. Тұрғындардың еркін дауыс беруіне толық жағдай жасалуда. Бұл – әр азаматтың өз көзқарасын білдіріп, елдің болашағына үлес қосатын жауапты кезең. Сондықтан округ тұрғындарын референдумға белсенді қатысуға шақырамын, – дейді Ұмтыл ауылдық округінің әкімі Ислам Ибатжан. Бүгінде Ұмтыл ауылдық округінің жалпы халық саны 20 333 адамды құрайды. Округ аумағында 7 референдум учаскесі жұмыс істейді. Аталған референдум учаскелерінде барлығы 12 860 сайлаушы тіркелген. Қазіргі уақытта учаскелерде ұйымдастыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және ақпараттық жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар тұрғындарға референдумның маңыздылығын түсіндіру мақсатында түсіндіру шаралары ұйымдастырылып, ақпараттық материалдар таратылуда. Учаскелер қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, дауыс беру процесінің ашық әрі заң талаптарына сай өтуі үшін барлық жағдай қарастырылған. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, округ тұрғындарының азаматтық белсенділігі әрдайым жоғары. Сондықтан референдум күні де Ұмтыл ауылдық округінің тұрғындары ел болашағына бейжай қарамай, өз таңдауларын жасайды деген сенім бар. Референдум – әр азаматтың ел дамуына қосатын нақты үлесі. Сондықтан тұрғындарды саяси науқанға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақыру – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі.

Оқылды 33 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет