Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мақсатында өтетін республикалық референдумда өз таңдауымды жасап, дауыс бердім. Бұл – еліміздің болашағына тікелей әсер ететін маңызды саяси науқан. Әрбір азаматтың белсенділігі мемлекетіміздің дамуына, қоғамдағы тұрақтылық пен бірліктің нығаюына өз үлесін қосады.
Барша қазақстандықтарға бүгінгі таңдаудың мәні мен жауапкершілігін есте сақтау маңызды.
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының депутаты
Нұржан Таичибаев




