Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мақсатында өтетін республикалық референдумда өз таңдауымды жасап, дауыс бердім. Бұл – еліміздің дамуына, жастарымыздың келешегіне тікелей әсер ететін маңызды сәт. Әрбір азаматтың белсенділігі қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға өз үлесін қосады.
Барша қазақстандықтарға бүгінгі таңдаудың мәні мен жауапкершілігін есте сақтау маңызды.
Еңбекшіқазақ ауданы Жастар ресурстық орталығының жетекшісі
Қымбат Дәуке




