Қаракемер ауылындағы референдум учаскесінде ерекше әрі көтеріңкі көңіл-күйдегі шара өтті. Ауыл тұрғындарының белсенділігін арттыру мақсатында учаске аумағында халықтық караоке ұйымдастырылды.
Шара барысында ауыл тұрғындары ән шырқап, дауыс берушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Шараның ерекшелігі - әншілер емес, қарапайым ауыл тұрғандары халық әндерін, патриоттық әндерді айтып, ауылдағы бірлік пен ынтымақтың жарқын көрінісін көрсетті. Дауыс беруге келген тұрғындар бұл бастаманы ерекше ықыласпен қабылдап, өз таңдауларын жасап қана қоймай, мерекелік атмосфераның бір бөлігіне айналды.
Мұндай шаралар тұрғындардың белсенділігін арттырып қана қоймай, қоғамдық өмірдегі ынтымақ пен ауызбіршілікті нығайта түседі. Қаракемер ауылының тұрғындары үшін бүгінгі күн тек маңызды саяси науқан ғана емес, сонымен қатар ауылдың бірлігін айшықтайтын ерекше күн болды.
Ел болашағына бейжай қарамайтын қаракемерліктер референдумға белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдіруде




