Иә, ауданның ғана емес Тәуелсіздіктің символына айналған "Алтын адамның" бейнесінде референдум учаскесіне келген азамат ерекше көзге түсті.
Есік өңірінен табылған әлемге әйгілі тарихи жәдігер – Алтын адам ел тарихының, тәуелсіздік пен рухани мұраның символы саналады. Сондықтан оның бейнесінің референдум учаскесінде көрініс табуы тұрғындарға ерекше әсер сыйлап, елдік рухты айшықтай түсті.
Бұл бастама дауыс берушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай, халқымыздың бай тарихы мен ұлттық құндылықтарын ұлықтаудың жарқын көрінісі болды.
"Осындай маңызды күнде елдігіміздің нышаны саналатын "Алтын адамның" кейпінде келуімнің де маңызы зор. "Алтын адам" Тәуелсіздіктің символы болса, Конституция - Тәуелсіздіктің кепілі", - дейді қала тұрғыны.




