Жексенбі, 15 Наурыз 2026 15:31

АТАҚТЫ АДАМДАРЫМЕН ЖӘНЕ ИГІ ДӘСТҮРЛЕРІМЕН ТАНЫМАЛ ӨЛКЕ

Ауылда әкім болу оңай емес, шаруа қожалықтарының және қарапайым еңбек адамдарының мәселелерін шешу, ауыл шаруашылығы саласының, мал шаруашылығының қыр-сырын түсіну – мұның бәрі әкімнің жауапкершілігінде емес пе?
Өткен жылдың наурыз айында Түрген ауылдық округінде сайлау өтті. Округ тұрғындары 44 жастағы Жұлдыз Іскелдиеваға сенім білдірді. Ол бұл қызметке тағайындалғанға дейін ұзақ уақыт бойы округ әкімі аппаратында бас маман, сондай-ақ әкімнің орынбасары қызметтерін атқарған. Сондықтан жаңа әкім жергілікті тұрғындардың қажеттіліктері мен мұқтаждарын өте жақсы біледі.
Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген ауылдық округі – өзіндік рухы, ерекше болмысы мен қайталанбас колориті бар берекелі өңір. Мұнда дәстүрге адал, қонақжай халық өмір сүреді. Ал олардың басты құндылығы – еңбекқорлық. Бұл – жергілікті тұрғындардың мінез-құлқын айқындайтын асыл қасиет.

Әкімнің айтуынша:
— Ауылдық округ құрамына екі ауыл кіреді: Түрген және Таутүрген. Халық саны 14,5 мыңнан асады. Бұл – Еңбекшіқазақ ауданындағы ең көпұлтты округ, мұнда 32 этнос өкілдері тұрады. Төрт жалпы білім беретін мектепте 2800-ден астам оқушы білім алуда, ал он екі балабақшаға мыңнан астам бүлдіршін барады. Екі ауылдық дәрігерлік амбулаторияда жергілікті тұрғындарға 5 дәрігер мен 38 орта буын медицина қызметкері қызмет көрсетеді.
Округтің әкімшілік орталығы – Түрген ауылы. Ол облыстағы ара шаруашылығының орталығы болып саналады және жүзімдіктерімен де танымал. Биыл ауылдың құрылғанына 105 жыл толады.
Жергілікті тұрғындар мемлекеттік бастамаларды әрдайым бірлесе қолдайды. Олар ел өміріндегі маңызды оқиғалардан да ешқашан шет қалмайды. Бүгін де таңғы ерте уақыттан бастап ауыл тұрғындары өз азаматтық ұстанымдарын білдіру үшін дауыс беру учаскелеріне белсенді түрде келіп, өз таңдауларын жасауда. Жалпы алғанда, дауыс беруге 9,5 мыңнан астам адам қатысуда, олар үшін алты референдум учаскесі жұмыс істеп тұр.

P.S. Айта кету керек, түргендіктер өздерінің берекелі өлкесін ерекше жақсы көреді және оның тарихын мақтан тұтады. Мұндағы басты құндылықтар – бір-біріне деген құрмет пен өзара қолдау. Ал туған округтің дамуы мен гүлденуі – олардың адал еңбегі мен жанқиярлығының нәтижесі.

Оқылды 35 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет