Жексенбі, 15 Наурыз 2026 15:47

РЕФЕРЕНДУМ - МЕРЕКЕ!

Жалпыұлттық референдум күні Жамбыл ауылдық округінде ерекше атмосфера қалыптасты. Таңертеңнен бастап тұрғындар сайлау учаскелеріне келіп, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдірді. Сонымен қатар бұл күн ауыл тұрғындары үшін мерекелік сипатта өтті.
Жамбыл ауылдық округінің әкімі Бақытжан Жайлямысов бүгінгі саяси науқанның өту барысы туралы пікір білдірді.
– Бүгінгі референдум біздің ауылда бұрынғы сайлау науқандарынан ерекше өтті деп айтуға болады. Таңертең ауылымыздағы шаралар ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың музейінен бастау алды. Сол жерден басталған ауыл тұрғындарының шеруі көпшіліктің көңілінен шығып, көзге ерекше көрінді, – деді округ әкімі.
Оның айтуынша, бұл бастама ауыл тұрғындарының бірлігін көрсетіп қана қоймай, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге де бағытталған.
– Біздің аудан ежелден ақындар мен батырлар елі ретінде танылған. Сол атауға сай бүгін батырларымыз, ұлттық киім киген көкпаршыларымыз және Жамбыл атаның ұрпақтары ауыл көшесіне ерекше сән берді. Ұлттық рухты көтерген бұл көрініс тұрғындардың көңілін көтеріп, референдум күнін нағыз мерекеге айналдырды, – деді ол.
Ауыл әкімінің айтуынша, бүгінгі саяси науқан ауыл тұрғындарының белсенділігімен ерекшеленіп отыр.
– Жамбыл ауылдық округінде бүгінде 6000-ға жуық тұрғын тұрады. Оның ішінде 3134 азамат сайлаушы ретінде тіркелген. Округ аумағында 4 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Таңертеңнен бастап тұрғындар сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Жастар да, үлкендер де бұл науқаннан шет қалған жоқ. Референдум біздің ауыл үшін мерекелік сипатта өтіп жатыр десем де болады. Ең бастысы – елдің ауызбіршілігі мен тыныштығы. Бүгінгі көрініс осының бәрін айқындай түскендей, – деді Бақытжан Қасымханұлы.
Сонымен қатар, ол мұндай маңызды саяси науқандар қоғамдағы жауапкершілік пен ынтымақты нығайта түсетінін атап өтті.
– Әрбір азамат ел болашағына қатысты шешім қабылдауға қатысуы керек. Бұл – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Бүгін ауыл тұрғындарының белсенділігі мен ұйымшылдығы біздің қоғамдағы береке-бірліктің айқын дәлелі болды. Біз мұндай ауызбіршілікті әрдайым сақтай білуіміз керек, – деп қорытындылады Жамбыл ауылдық округінің әкімі.

Оқылды 33 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет