Жексенбі, 15 Наурыз 2026 16:02

90 ЖАСТАҒЫ ТӨРТКЕН КЕНЕНҚЫЗЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРІП, ЕЛГЕ БАТАСЫН БЕРДІ

Іле ауданындағы референдум учаскелерінің бірінде ерекше әрі тағылымды сәт орын алды. Қазақтың әйгілі ақыны әрі композиторы Кенен Әзірбаевтың қызы, 90 жасқа толған Төрткен Кененқызы республикалық референдумға арнайы келіп, өз таңдауын жасады. Құрметті ана жасының ұлғайғанына қарамастан, ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқаннан шет қалмай, азаматтық борышын орындау үшін дауыс беру учаскесіне өзі келгенін айтты.
Ақ жаулықты ана учаскеге келген кезде тұрғындар мен комиссия мүшелері оған ерекше құрмет көрсетіп, жылы қарсы алды. Жиналған жұртшылық Төрткен Кененқызының белсенділігіне ризашылықтарын білдіріп, ақ тілектерін айтты.
Дауыс беру рәсімінен кейін Төрткен Кененқызы учаскеге жиналған азаматтарға ақ батасын беріп, елге амандық, жұртқа бірлік пен береке тіледі. Оның жүрекжарды батасын алған тұрғындар ақ жаулықты ананың сөзін ықыласпен тыңдап, үлкен құрмет көрсетті. Бұл сәт учаскеге келгендер үшін ерекше әсерлі әрі есте қаларлық оқиғаға айналды.
Учаскеге өзі келіп дауыс беруінің себебі туралы сұрағанымызда, Төрткен Кененқызы әр азамат үшін ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерге қатысу – үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.
«Ата Заң – мемлекеттің негізі. Сондықтан әр адам бейжай қарамай, өз пікірін білдіруі керек. Жасым тоқсанға келсе де, халық үшін маңызды іске қатысуды азаматтық парызым деп санаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Баршаңызға бірлік, береке тілеймін», – деді ол.
Тұрғындар Төрткен Кененқызының бұл қадамын үлкен өнеге ретінде бағалап, оның азаматтық белсенділігі жастарға үлгі болатынын айтты. Ақ жаулықты ананың ел болашағына бейжай қарамай, референдумға арнайы келіп қатысуы көпшілікке ерекше әсер қалдырды.
Осылайша, Іле ауданындағы референдум күні тек дауыс беру рәсімімен ғана емес, сондай-ақ үлкендер өнегесі мен баталы сөздерге толы тағылымды сәттерімен де есте қалды. Төрткен Кененқызының ақ батасы мен азаматтық ұстанымы жиналған жұртшылыққа рухани күш беріп, ел бірлігінің маңызын тағы бір мәрте айқындай түсті.

Оқылды 51 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет