Жексенбі, 15 Наурыз 2026 16:25

ТҰРАҚТЫ ДАМУ ҮШІН ДАУЫС БЕРЕМІЗ

Бүгін республикалық референдумға өңірдегі ең ірі агроөнеркәсіптік кәсіпорындардың бірі – «Адал» агроөнеркәсіптік компаниясы» АҚ қызметкерлері де қатысты. Олар дауыс беруге ұжым болып келді.
Айта кету керек, Еңбекшіқазақ ауданындағы өнеркәсіп өндірісінің ең үлкен бөлігі – өнімнің 90 пайыздан астамы агроөнеркәсіптік кешенге тиесілі. Облыстың тауарлық өндірісінде аудан сүт өндіру және оны өңдеу бойынша жетекші орындардың бірін алады. Бұл көрсеткіштің негізгі үлесін сүт өнімдерін шығаратын «Адал» агроөнеркәсіптік компаниясы қалыптастырып отыр.

Бұл кәсіпорында өз ісіне адал жандар еңбек етеді. Олар үшін ең бастысы – ертеңгі күнге деген сенім.

– Өндірушілерді қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру – агроөнеркәсіп секторын дамытудың нақты құралы. Біз үшін мемлекеттің тұрақты болуы өте маңызды, өйткені дәл осындай жағдайда ғана біз тыныш жұмыс істеп, компаниямызды дамытуға мүмкіндік аламыз. Тек тұрақтылық бар жерде ұзақ мерзімді стратегия қалыптасып, жаңа жұмыс орындары ашылады.
Бүгінгі референдумға қатысу – біздің азаматтық ұстанымымызды білдірудің мүмкіндігі. Кәсіпорынның өндірістік процесінде әрбір буын мен әрбір қызметкердің еңбегі маңызды болғаны сияқты, референдумда да әр адамның дауысы елдің болашағын айқындайды. Біз күн сайын белгіленген талаптардың сақталуы түпкі нәтижеге қалай әсер ететінін көріп жүрміз, сондықтан шешімдерді де бірге қабылдаймыз. Біздің ұжым үшін референдум – жай ғана рәсім емес, саналы таңдау. Өйткені тұрақтылық пен даму жалпы мемлекеттік үдерістермен тікелей байланысты, – дейді компания қызметкерлері.

«Адал» агроөнеркәсіптік компаниясының ұжымы референдумды бір ауыздан қолдап, Қазақстанның ұзақ мерзімді даму перспективаларына сенім білдірді. Бүгінде кәсіпорында өндірістік қуатты кеңейтуге және тиімділікті арттыруға бағытталған ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мұнда агроөнеркәсіптік кешеннің стратегиялық маңызы жақсы түсініледі, себебі ол өңір мен жалпы елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен тұрақты дамуына тікелей ықпал етеді.

Оқылды 40 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет