Сейсенбі, 17 Наурыз 2026 10:21

Алматы облысында «AMANAT» партиясы үгіт-насихат материалдарын жинау акциясын бастады

Референдум аяқталғаннан кейін «AMANAT» партиясы науқан кезінде таратылған үгіт-насихат парақшалары мен жарнамалық материалдарды жинау шарасын қолға алды. Партия мүшелері бұл қадамды саяси жауапкершілікті арттырудың және қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың бір бөлігі ретінде қарастырып отыр.

Аймақтағы жастар ұйымының мүшелері үгіт парақшаларын жинап, қоғамдық орындарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл бастама қоғамда назар аударып, экология мен тазалық мәселелеріне байланысты пікірталас тудырды. Алғашқы акцияның өзінде Алматы облысының бірнеше ауданындағы көшелер тазаланып, үгіттік материалдар толығымен жиналды. Әлеуметтік желілерде де бұл бастама қолдауға ие болып, көпшілік тарапынан оң пікірлер айтылуда.

«Бұл акция біздің партияның науқаннан кейін де қоғамға қызмет ететінін көрсететін маңызды қадам. Референдум сияқты үлкен саяси оқиғадан кейін тазалықты сақтау – біздің халық алдындағы жауапкершілігіміздің бір көрінісі. Науқан кезінде көшелер мен қоғамдық орындарға ілінген үгіт-насихат материалдары халыққа маңызды ақпарат жеткізді. Бірақ науқан біткен соң оларды алып тастап, тазалықты қамтамасыз ету – біздің міндетіміз. Бұл тек тазалық емес, біздің мәдениетімізді және жауапкершілігімізді білдіреді», – деп атап өтті облыстық «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Әділет Айтқазы.

Қонаев қаласынының орталық көшелерінде таңертеңнен бері «AMANAT» партиясының жас белсенділері қаланың әр бұрышында үгіт-насихат парақшалары мен жарнамалық материалдарды жинап жүр. «Жастар рухы» ұйымының мүшелері ұйымдастырған бұл акция қоғамның назарын аудартпай қоймады.

Оқылды 42 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет