Еңбекшіқазақ ауданында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің, Әз-Наурыз, Жыл басы» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Мерекелік бағдарлама аясында ұлттық көрме ұйымдастырылып, қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен салт-дәстүрлері кеңінен таныстырылды.
Сахна төрінде ұсынылған театрландырылған қойылым арқылы Наурыз мейрамының тағылымы мен тәрбиелік мәні көрермендерге әсерлі жеткізілді.
Концерттік бағдарламада қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Жанболат пен Жазира, Азимбек Байли және аудан өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, мерекенің көркін қыздырды.
Аталған іс-шара ұлттық құндылықтарды дәріптеп, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған тағылымды мерекеге айналды.




