Наурызнаманың онкүндігі аясында 23 наурыз – Тазару күніне орай Еңбекшіқазақ ауданында кең көлемді экологиялық акция ұйымдастырылды. Аталған шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатты таза ұстау мәдениетін қалыптастыру және тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыру.
Акция барысында аудан аумағындағы көшелер, саябақтар мен қоғамдық орындар тазартылып, қоқыстар жиналды. Сонымен қатар, қатысушылар табиғатты қорғаудың маңыздылығы жөнінде ой бөлісіп, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау – әр азаматтың басты міндеті екенін көрсетті.
Шараға еріктілер, жастар, мекеме қызметкерлері мен аудан тұрғындары белсенді түрде атсалысып, бірліктің үлгісін көрсетті. Осындай игі бастамалар арқылы біз болашақ ұрпаққа таза әрі көрікті табиғат қалдыруға өз үлесімізді қосамыз.
? Табиғатты қорғау – бір күндік науқан емес, ол – әрқайсымыздың күнделікті өмір салтымызға айналуы тиіс.
? Таза табиғат – жарқын болашақ кепілі!




