Дүйсенбі, 14 Қазан 2019 11:01

Вандализмге жол жоқ!

Жуырда Шелек ауылдық округінің әкімдігінде округ әкімі Е.Есенхановтың бас-тамасымен жергілікті қоғамдастық мүшелері-нің жиналысы өтті. Оған қоғамдастық мүшелері мен кәсіпкерлер, заң қызметкерлері қатысып, округ аумағында болып жатқан күрделі мәселелерді талқылады.

Талқыланған ең басты мәселе жастар арасын-дағы тәртіпсіздікті тыю. Соңғы кездері көше         бойында орналасқан жол белгілері мен бағдаршамдарды қирату белең алуда. Бір сөзбен айтқанда вандализмнің белгілері көрініс табуда. Сонымен бірге, түнгі уақыттарда жастардың жиналып ішімдік ішуі мен тәртіп бұзулары да кездесіп жүр. Ал мұндай әрекеттердің соңы қайғылы жағдайлармен аяқталуы әбден мүмкін. Осылардың алдын алу үшін Шелек ауылындағы кіре-беріс жолдар мен адам көп шоғырланатын жиырмадай орынға бейнекамералар орнатылуы керек. Бұл үшін жергілікті бюджеттен бір жарым миллион теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Бірақ аталған қаржы әлі жеткіліксіз. Сондықтан жеке кәсіпкерлердің көмегі қажет болатыны айтылды. Одан бөлек, ауылдың тазалығына мән беру турасында да сөз болды. Бұл жерде тұрғындардың да жіберетін ағаттықтары көп. Яғни, кез-келген жерге қоқыс тастау, өздеріне жауапкершілік артпау, тіптен жаяу жүргіншілердің қоқыс тастауына арналған урналардың өзін қирату секілді әрекеттер ауылдың тазалығына үлкен залал келтіріп отыр. Сондықтан тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуі керек. Әсіресе, мектептерде бұл турасында жиі айтылуы тиіс.Жалпы қоғамдастық жиналысында әкімдік пен заң қызметкерлері, мектептер мен ауыл тұрғындары өзара біріге отырып аталған мәселелермен күресу жолдарын шешуге уәделесіп тарқасты.

 

М.БЕКТАСОВ,

Шелек ауылдық округі әкімінің орынбасары.

Оқылды 2815 рет

Соңғы жаңалықтар

Там 11, 2025

Химиядан халықаралық олимпиадалардың…

«Мақсатым – оқуымды жалғастырып, жаңа биіктерді еңсеру және ел дамуына үлес қосу» ***…
Там 11, 2025

Былтыр шахматтан үш дүркін әлем…

Былтыр шахматтан үш дүркін әлем чемпионы Айару Алтынбектің арманы орындалып, Мемлекет…
Там 11, 2025

Биология пәнінен халықаралық…

«Байқауымша, Қазақстан ғана оқушыларға осылай қолдау көрсетеді» ** Бронзовый призер…
Там 11, 2025

Мемлекет басшысы салтанатты түрде…

Мемлекет басшысы халықаралық жарыстарда топ жарып, алтын, күміс және қола медаль иеленген…
Там 11, 2025

Касым-Жомарт Токаев отметил, что…

– В регионах страны открываются школы нового формата «Келешек мектептері». Придается…
Там 11, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән…

?Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен…
Там 11, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән…

?Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен…
Там 11, 2025

Алматы облысында мобильдік…

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы негізінде білікті мамандар, Алматы…
Там 07, 2025

Маймыл шешегі бойынша эндемиялық…

Маймыл шешегі - адамға ауа тамшылары немесе қарым қатынас арқылы берілетін зоонозды,…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет