Сәрсенбі, 15 Қаңтар 2020 18:04

«TarihiJol»:Туризмнің заманауи жаңғыруы

Алматы облысында тарихи маңызы бар мекендер мен ескерткіштерді цифрландыру мақсатында жасалған «Tarihi Jol» аттымабильдік қосымшасы «Jetisy Media» ақпараттық  алаңында  таныстырылды. 

Бұған дейін Алматы облысында «Tarihi Jol»-Қазақстан тарихын жандандыру жобасы»тақырыбында презентация ұсынылған болатын. Жоба авторлары бір жыл ішінде облыстағы15 нысанды ұялы телефон қосымшасына енгізген болатын,  жыл соңына дейін 25-тен астам нысанды жобаға кіріктіру жоспарланып отыр.

«Бүгінгі таңда біз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарын өзіміз шығарған жобаға кіргіздік. Еліміз бойынша 135 нысанды қамтып отырмыз. Алматы облысы бойынша атлған қосымшада 15  аймақ көрсетілген»,- деді өз сөзінде «AV-Software»ЖШС директорыАрман Маратұлы.

Бұл өнім елдің туристік секторын үйлестіруге және жақсарту үшін қазақстандық жас мамандардың ойлап тапқан жобасы. «Tarihi Jol»-ды қолданудың бірегейлі- бұл жаңа технологиялардың беталысын біріктіретін және ата-бабаларымыздың тарихын сақтай отырып, адамгершілік құндылықты ұстанатын өзіндік ұғым. «Tarihi Jol» -дың көмегімен туристер еліміздің тарихи және мәдени ескеркіштеріне барудың бағытын көре алады. Қосымшадағы шынайы ақпарат  нұсқаулық ретінде қызмет етеді және туристерге орнатылған нысанның тарихи мәні туралы сенімді түрде мағұлмат береді.

Өнім үш маңызды компоненттен тұрады:

1.AR- тарихи кейіпкерлер стилінде кеңейтілген шыңдықты қолдана отырып, ақпаратты қабылдауды жетілдіреді.

2.VR 360 -360 дәрежелі бейнелер, олар  виртуалды шыңдықты және Қазақстанның қасиетті жерлерінде «қатысу эффектін» жасайды.

3.Offline режимі- интернетсіз жұмыс режимі, туристерге интернет желісі жоқ жерлерде де «Tarihi Jol»-ды пайлануға мүмкіндік береді.

Болашақта «Tarihi Jol» -дыбүкіл Қазақстан бойынша  бірыңғай қосымша ретінде пайдалану жоспарлануда.

Гүлжанат Нұрасыл

Оқылды 1800 рет

Соңғы жаңалықтар

Маус 19, 2025

Атамекен Отаны – Бейбіт өмір ауылы

Тарих бетіне үңілсек, 1722 жылы Бірiншi Петр: «Қазақ Ордасы бүкiл Азия елдерi жерлерiне…
Маус 19, 2025

Қажырлы еңбек — ел мүддесіне адал…

Қытайдың Боғда тауының Күнгейінен Қазақстанға көшіп келген жерлестердің бас қосуында…
Маус 19, 2025

Ел жүрегінде сақталар қос есім

Кім келіп дүниеден кім кетпеген, Ащы қайғы кімдерді жүдетпеген. Еске алып дұғасына…
Маус 19, 2025

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп…

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Әкенің…
Маус 19, 2025

«Атамекен» – ұлттық рух мекені

Жазғы демалыста балаларға арналған мектеп жанындағы «Атамекен – ұлттық рухтың бесігі»…
Маус 19, 2025

Жаңарған ғимарат – жаңа мүмкіндіктер

Денсаулық сақтау жүйесін дамытып, сапалы медициналық көмекті ауыл халқына барынша…
Маус 19, 2025

Алғыс пен құрмет иелері

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі – медицина саласындағы қызметкерлердің кәсіби…
Маус 19, 2025

У нас союзнические отношения с…

Заместитель директора ТРК Президента РК Аскар Джалдинов спросил Президента России…
Маус 19, 2025

«Я не вижу никаких осложняющих…

 Отвечая на вопрос заместителя директора ТРК Президента РК Аскара Джалдинова, Президент…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет