Бейсенбі, 13 Ақпан 2020 08:45

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Дүниежүзілік радио күні

2011 жылғы 3 қарашада ЮНЕСКО Бас конференциясының 36-отырысында бекітілген. Халықаралық күнді енгізуге Испания бастамашы болды. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ. 1946 жылы дәл осы күні БҰҰ өзінің радиоқызметін - БҰҰ радиосын іске қосқан болатын.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1915 жылы Семейде Еуропалық үлгідегі тұңғыш спектакль қойылды. Сахналанатын пьеса болмағандықтан, спектакльдің әдеби негізі ретінде Біржан мен Сараның айтысы алынды. Айтыстың сахналық жүйесін жасап, спектакльді қойған - Жүсіпбек Аймауытов.

1993 жылы «Қазақстанкаспийшельф» теңіз мұнай кәсіпорны құрылды. Кәсіпорынның негізгі мақсаттары - Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінің жер қойнауындағы мұнай-газ қорын анықтау, мұнай операцияларын іске асыру, осы аймақтың биоқорларын, минералдық байлық көздерін ашу және жағалаудағы қайраңдық кен орындарының игерілуін тездету, теңіз байлығын қазіргі заманғы техника мен технологияны, шет елдік компаниялардың әлемдік тәжірибесі мен инвестициясын пайдалана отырып игеру, Каспий маңы аймағының өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын жан-жақты дамыту.

1994 жылы АҚШ-қа ресми сапары барысында ҚР Президенті Н.Назарбаев екі ел арасындағы демократиялық әріптестік туралы хартияға, ғылым мен техника, ядролық қауіпсіздік саласындағы техникалық ақпарат және ынтымақтастық туралы келісімге, Қазақстан, АҚШ және Ресей арасындағы «Инмарсат-3» жасанды спутнигін ұшыруға байланысты технологиялық кепілдіктер туралы үшжақты келісімге қол қойды, ядролық қаруды таратпау туралы шарт ратификацияланды.

2003 жылы Алматыда ҚР Президентінің бастамасымен Бейбітшілік және келісім І халықаралық конференциясы өтті.

2007 жылы Ақмола облыстық филармониясының қазақ халық аспаптар оркестріне Қазақстан Республикасының танымал композиторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еңбек сіңірген өнер кайраткері және халық әртісі Кенжебек Күмісбековтің (1927-1987) есімі берілді.

К.Күмісбеков Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Кұмкөл ауылының тумасы, вокал өнері факультетінде музыкалық білім алды, содан кейін доцент Қ.А.Мұхитовтың домбыра сыныбын бітірді. Ең танымал шығармалары - «Ықылас туралы поэма», «Қорқыт туралы аңыз», «Ой толқыны», «Дала сыры», «Фараби сазы», «Шалқыма» және басқалары.

2013 жылы Қазақстан Республикасының алғашқы ұлттық спутник арнасы телевизия өндірісінің соңғы үрдістеріне жауап беретін жаңа графикалық әдістеумен хабар тарата бастады. Kazakh TV - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тәулік бойы хабар тарататын ақпараттық-танымдық телеарна. Арна «Хабар» агенттігі» АҚ құрылымына кіреді.

2017 жылы қазақстандық альпинист және танымал саяхатшы Андрей Гундарев Косцюшко Қазақ географиялық қоғамының қолдауымен Австралияның ең биік нүктесі – Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында орналасқан Косцюшко шыңына (2 228 метр) көтерілді.

Қазақ географиялық қоғамы жеті құрлықтың жеті шыңына Қазақстан Туын орнатып шығу миссиясын орындап жүрген болатын.

2018 жылы Дубайда өткен 6-шы Дүниежүзілік үкімет саммитінде Жаһандық бақыт коалициясы құрылып, оның құрамына алты ел – Біріккен Араб Әмірліктері, Қазақстан, Коста-Рика, Мексика, Португалия және Словения кірді. Коалицияны құру туралы келісімге қол қою рәсіміне БАӘ-нің премьер-министрі және Дубай әмірі Мұхаммед бен Рәшид әл Мақтум қатысты. Құжатқа алты елдің министрлері қол қойды.

2018 жылы Алматыда «Алтын қалам» әдеби жүлдесі ұйымдастыру комитетінің шешімімен бірінші рет әдеби «ОСКАР» сыйлығы табыс етілді.

Аталған сыйлық бүгінгі заман әдебиетін дамытуға елеулі үлес қосқан қаламгерлерге берілді. Сауалнама нәтижесінде келесі азаматтар жеңімпаз атанды: Жылдың үздік баспасы - Мереке Құлкенов, Жылдың әдеби дебюті -Олег Червинский, Кiтап like (оқырмандар таңдауы) - Зира Наурызбаева, Әлеуметтік мәнге ие тақырыпқа арналған үздік кітап - Ерлан Қарин, Жылдың үздік меценаты (Әдебиетке көрсеткен қолдауы үшін) - Бауыржан Оспанов.

2019 жылы Қазақстан Республикасы мен Маршалл Аралдары Республикасы дипломатиялық қатынастар орнатты. Нью-Йоркте екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды орнату туралы бірлескен коммюникеге БҰҰ жанындағы Қазақстанның және Маршалл аралдарының тұрақты өкілдері Қайрат Омаров пен Аматлайн Элизабет Кабуа қол қойды.

2019 жылы Назарбаев Университетінде «National Laboratory Astana» ЖМ ғалымдары Қазақстанда тұңғыш жоғары өнімді биоинформатикалық есептеу платформасын іске қосты.

Дереккөз: inform.kz 

Оқылды 3570 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет