Сәрсенбі, 11 Наурыз 2020 08:32

Ауғанда от кешкендер

Жуырда Түрген ауылы М.Ломоносов атындағы орта мектепте кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылу күніне орай «Ауғанда  от кешкендер» атауымен ардагерлермен кездесу өтті.

Тарихи оқиға жайында мәлімет беру, оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ауған соғысы ардагерлерімен болған кездесу мемлекеттік Гимнмен ашылды. Оған Черемисин Сергей Степанович, Колыхалов Валерий Николаевич, Шлыков Сергей Григорьевич, Дутов Владимир Александрович, Азизов Мусадин Мукадинович ардагер ағаларымыз қатысты. Кездесу барысында слайдтар, фотосуреттер, ауған соғысы фильмінен үзінділер көрсетіліп, қаза тапқан жауынгерлерді еске алу мақсатында 1 минут үнсіздік жарияланды. Оқушылар ардагерлерге өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, сұхбаттасты. Сұрапыл соғыста кеудесін отқа тосып, Отан алдындағы борыштарын адал атқарып келген жауынгер-интернационалист ағаларымыз бастан кешкен қиындықтары туралы әңгімеледі. Кеш оқушылар дайындаған қазақ, орыс және ағылшын тілінде оқылған жыр шумақтары, ән және бимен жалғасын тапты. Соңында ардагерлер сөз алып, оқушыларға өздерінің ризашылығын білдірді.

Айнаш СЛЯМБЕКҚЫЗЫ,

 М.Ломоносов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Оқылды 2181 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ауғанда от кешкендер Кемшіліктерді түзету тапсырылды »

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет