Бейсенбі, 01 Қазан 2015 11:01

Өлеңге құштар өрендер

Ұлы Далаға иелік еткен Қазақ хандығының

550 жылдығына орай және Қазақстан халқы тілдерінің күні құрметіне арналған болашағынан үміт күтер жас ақындардың «Тілім менің – байлығым» атты аудандық жыр мүшәйрасы Шелек ауылының мәдениет үйінде мәреге жетті. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, аудандық жастар ресурстық орталығы мен Шелек ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен  өткен бұл жыр додасында 12 округтің жас талант иелері өнерлерін ортаға салды.

 

Тыңдаушысын татымды тілімен тебірентіп, бойға сіңірген жақсы ойды шабытымен жарқыратып, сөз маржанын жыр жібіне тізе білген ұлы өнердің иесі атанары хақ. «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» демекші, абыз ақын Абайдай, нағыз ақын Мұқағалидай елім десе еміренетін, тілім десе тебіренетін өлеңге құштар өрендер баршылық екен. Мүшәйрада жас талапкерлер талпынысынан осыны аңғардық. Аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айбек Ілебаев жыр бәйгесіне жігерленіп келген жеткіншектерге сәттілік тілеген соң, әр жас талант өздерін өлеңмен таныстырудан бастады. Поэзия жасұландарының ең жасы Қаратұрық мектебінің  оқушысы Тоқтарбек Жұмагелді өзін:

Тоғыз жастан қаламды қолға алдым,

Ұстазға арнап алғаш  мен өлең жаздым.

«Болмасаңда ұқсап бақ» – деген Абай,

Өнерімді ақындық жолға арнадым – деп таныстырып, жыр жазуға төселіп қалғанын аңғартты. Тіл туралы төл туындыларын оқыған жаңашаруалық талапкер Анар Тоқтасын:

Ана тілім – абыройым, тірегім,

Өзің барда рухым биік,   білемін.

Хантәңірі шыңдай биік өр тілім,

Сен деп соғар әрқашанда жүрегім, – деп елдіктің елшісі, тәуелсіздіктің тұмары – қазақ тілінің құндылығын осылай дәріптеді. Қаракемерлік Ринат Нарханов «Жас ақын» мәртебесіне лайық талант иесі екенін танытты. Махаббатты жүрекпен түсініскен екі жастың саябақтағы кейпін:

Адамды сырттай танымау –   бәле,

Бақылап сол бір жандарды.

Туғаннан науқас – саңырау және

Мылқау екенін аңғардым, – деп баяндай келе, екеуінің жандарынан өткен бір топ жастардың менмендік танытқан әрекеттерін мына жыр шумақтарымен:

Қарсы беттегі таласып олар,

Орындықтарға отырып.

Қазақтың қара баласы бола,

Орысша сөйлер көпіріп.

Лепіре сөйлеп, көрмей   басқаны,

Шалағай тілін мін көрмей;

Шетелше тағы сөйлей  бастады,

Қазақтың тілін тіл көрмей.

Қаптаған бұлар далаға  қашан?    

Еліктеп шетке керемет.

Ана тіліңді бағаламасаң,

Сайраған тілің не керек?

Төрінде болса асқан  мазақтың,

Шұбар тіліміз бұл таңда.

Ана тілінен жеріген қазақтың,

Тілін берсе ғой мылқауға –деп керемет теңеумен қоғам кемістігін суреттеді. Жасырылған тақырыпты суырып, өлең құрастыру кезеңінде де Ринат жазып жатпай-ақ жұп-жұмыр жыр шумақ құрастырды. Талант тағын табар, талмай талпынған мұратына жетер. Талапкерлердің көбінде ұтымды ұйқас, тұщымды теңеу, үйлесімді ырғақ, өрнекті ой жетіспей жатты. Сүреңсіз сөзден шұрайсыз шумақтар қарадүрсіндіктен аспады. Сонымен жыр бәйгесінде Р.Нарханов топ жарып, дара шықса, Жұмагелді Тоқтар екінші, Анар Тоқтасын үшінші орынды иеленді. Ал көктөбелік ұйғыр ұлтының ұрпағы, жас талапкер Милана Тахирова мемлекеттік тілді жетік меңгергендігін көрсетіп, көрермендер көзайымына айналды.

Жас талапкерлерді Шелек округінің әкімі Есенғали Есенханов, аудандық жастар орталығының жетекшісі Айбек Ілебаев құттықтап, жыр жүйріктеріне арнайы грамоталар, сондай-ақ бәріне заттай сыйлықтар тапсырды.                         

А.БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 5481 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Өлеңге құштар өрендер Мола ма, қала ма? »

Соңғы жаңалықтар

Там 01, 2025

ОКҚ жанында Жалған ақпаратқа қарсы…

Қазақстан Республикасы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің құрылымында…
Там 01, 2025

В СЦК запущен Центр по борьбе с…

В структуре Службы центральных коммуникаций при Президенте Республики Казахстан начинает…
Шіл 31, 2025

Қадағалаусыз тәртіп орнамайды

2025 жылдың шілде айында Қырбалтабай ауылдық округінде жастар ісі жөніндегі…
Шіл 31, 2025

Кассационные суды – доступ к…

Правовое регулирование защиты прав на судебную защиту в соответствии с Конституцией…
Шіл 31, 2025

Алматы облысында "JASYL EL" жастар…

2025 жылдың 1 тамыздан бастап Алматы облысы аумағында "JASYL EL" жастар еңбек…
Шіл 31, 2025

Заң үстемдігі — ел егемендігінің…

Конституцияның 30 жылдығы Белгілі бір терреториясы шекарасы, рәміздәрі, ұлты бар, жалпы…
Шіл 31, 2025

Жүрек қалаған мамандық

Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп…
Шіл 31, 2025

Адал еңбек – адамдықтың нышаны

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп…
Шіл 31, 2025

«Дети в ночном городе»

С 27 по 29 июля 2025 г. на территории Енбекшиказахского района было проведено оперативно…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет