Сейсенбі, 24 Наурыз 2020 12:23

Толассыз сұрақтар жауапсыз қалды

Жуырда Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат жанындағы тұрақты комиссиялардың біріккен отырысы өтті. Күн тәртібі де қауырт: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы бойынша бағдарламалық құжаттарды іске асыру, мемлекеттік қызметкердің этикасының сақталуы және олардың құқықтарын қорғау бойынша жүргізілген және жоспарланған жұмыстар. Бұл – бірінші мәселе. Аудан аумағындағы жолдардың жағдайы екінші боп сараланса, Есік қаласы мен ауылдық округ тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында атқарылған іс-шаралар да сарапқа түсті.

Алғашқы мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай кадр қызметі бөлімінің басшысы Айдос Молдабаев есеп берді. Мәліметіне сүйенсек, әдеп заңнамаларын бұзғаны үшін аудан бойынша 64 қызметкерге әр деңгейлі ескертулер берілген. 41 қызметкерге – ескерту, 19 қызметкерге – сөгіс, 1 қызметкерге – қатаң сөгіс, лауазымына толық сәйкес емес – 1 қызметкер. «2020 жылға арнайы жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша жасырын сауалнама алуды мақсат етіп отырмыз. Ауданымызда 362 мемлекеттік қызметкер жұмыс істесе, 29 лауазым бос тұр. Жақын арада конкурс жарияланып, кадрлар алынатын болады», – деді А.Молдабаев.

Есеп берушіге халық қалаулылары тарапынан қойылған сұрақтар легі көп болды. Мысалы, ауданымыздың бірқатар бөлімдеріне кадрлар дұрыс таңдалмайды. Мұрнына иісі келмейтін мамандарды қандай себеппен бөлімдерге жібересіз? Оған дәлел – аудандағы білім бөліміндегі кейінгі алып жатқан кадрлар білім саласында бір күн де жұмыс істемеген. Олар қалай ғұмырын педагогикаға арнаған азаматтарға тапсырма береді? Қысқасы, қалай жұмыс істеп жатыр? Ал аудан әкіміне 65 пайыз білім сапасын көрсеттік деп есеп беріпті. Біз бұған күмәнмен қараймыз. Ондай жағдайға жету үшін мектептеріміздің 80 пайызы басқа пәндерді былай қойғанда математикадан 90 пайыз білім сапасын көрсетуі керек яғни, әрбір түлек бестік алуы тиіс. Сіз осыған сенесіз бе? Бұндай мәселе тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инс-пекциясы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде де бар. Ауылдарға келіп жатқан жас мамандар әдеп этикасы тұрмақ, эстетиканы сақтамайды. Бұл өзімізді өзіміз сыйламағанмен тең, – деді аудандық мәслихаттың әлеуметтік бағыттағы салаларды дамыту мен заңдылық, құқықтық тәртіп, қоғамдық келісім, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшелері.

Нәтижесінде, осындай кемшіліктер бойынша жұмыс атқарып, бөлім басшысы алты айдан кейін қайта есеп беру туралы шешім қабылданды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мінберге көтерілген аудандық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бейбіт Искаковқа бірден сұрақтар қойылды. Оның алғашқысы Есік қаласындағы сапасыз салынған Қ.Орымбетов атындағы көше мәселесі болды. Бұл ретте бөлім басшысы: «Аталған        мәселе бойынша жуырда ғана арнайы рейд жүргізіліп, орындаушыға нақты тапсырмалар берілді. Себебі, қаражат әлі аударылмады, қабылдап алу актісіне қол қойылмады. Кемшіліктерді түпкілікті жойғаннан кейін ғана акті қабылданады», – деді. Аудан орталығының Р.Тоқатаев, Абай атындағы, Алматы көшелерінің сапасы сын көтермейтіні сөз болды. Әрі ауылдық елді-мекендердегі көшелердің жағдайы сараланды. Мәслихат депутаттары туындаған мәселелер жауапты бөлім, сонымен қатар қала мен ауылдық округ әкімдіктерінің  тарапынан бақылаудың жоқтығынан және жергілікті қауымдастықпен, қала, ауыл тұрғындарымен келісе жүргізілмейтіндігінен туындап отырғанын баса айтты. Жұмыла көтергеннің жүгі жеңіл екендігін жеткізді. Сол секілді «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының да іске асуындағы кемшіліктерді су бетіне шығарды. Тіршілік күретамыры саналатын жолдар мәселесі күн тәртібінен түспейтінін ескерткен депутаттар рейд жұмыстарына халық қалаулыларын қосуды да айрықша атады.

Үшінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Дәурен Мәлібековке де есептен гөрі қойылатын сұрақтарға нақты жауап беруін сұрады.

– Қазір ауданымыздағы білім ошақтары, мемлекеттік мекемелерді газдандыру мәселесі өзекті. Сіздердің тараптан бұл тұрғыда әлі де бір нақты іс-шаралар көрінбейтінін байқаймыз. «Жау жағадан алғанда»шапқылауды қою керек, – деді Қ.Байғоджаев. Сол секілді ауылдардағы ауызсу мәселелері, Есіктегі ауызсу сапасы сөз болды. Әсересе, Қазақстан, Сөгеті, Ащысай, Түрген, Көктөбе сияқты ауылдық округтердегі тіршілік нәрінен тарылған тұрғындардың тілектерін жеткізді.

Не керек, бір жарым сағатқа созылған тұрақты комиссия отырысында тиісті бөлім басшыларына толассыз сұрақтар қойылды. Өкініштісі, бірқатар өзекті сауалдарға қанағаттанарлық жауаптар алынбады. Осы ретте кезекті есеп беру сәтіне дейін түйткілді мәселелер түйінін тарқату туралы нақты жауаптармен келуін тапсырды.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА,

аудандық мәслихат депутаты

Оқылды 1759 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 05, 2025

1 мамырдан бастап жедел медициналық…

Жаңа өзгеріс ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі №32 бұйрығына сәйкес,…
Мам 05, 2025

Алматы облысында…

2025 жыл – Ішкі істер министрлігі «Профилактика жылы» деп жариялады. Мемлекет басшысы…
Мам 05, 2025

Биылғы құрылыс маусымы аясында…

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы құрылыс маусымы аясында13 мың шақырым жол…
Сәу 30, 2025

Стартовал первый день IV…

8-9 апреля 2025 года Высшая школа экономики и бизнеса Казахского национального…
Сәу 28, 2025

Әлемдік қант алыбы Қазақстанға келеді

Алматы облысында әлемдік қант өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі – Al Khaleej Sugar…
Сәу 28, 2025

Сахарный гигант из ОАЭ приходит в…

В Алматинской области может появиться завод одного из мировых лидеров сахарной…
Сәу 25, 2025

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін…

Бүгінгі таңда орман шаруашылығы мекемелерінің 10,6 гектар аумағында 2 орман өрті…
Сәу 25, 2025

«Кибернадзор» жүйесі арқылы 520…

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет