Бейсенбі, 08 Қазан 2015 14:17

Тарих көші – таным топсасы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында 11 қыркүйек күні Қазақ хандығының 550 жыл-дығына арналған «Ұлы Дала Елі» атты республикалық тарихи-мәдени экспедиция жолға шыққан. Мақсат – өңірлерді аралап, Қазақстан халқының тарихи-мәдени және рухани мұрасын оқып, үйрену мен насихаттау, қазақстандықтардың бірегейлігі мен ұлттық бірлігін нығайту.

Шығыс Қазақстан облысын аралаған экспедиция қыркүйектің 25 жұлдызында Алматы облысына келді. Ірі өңірлердің тарихи-мәдени өмірімен танысқан экспедиция ауданымызға ат басын тіреді. Келіп қана қоймай, тарихи орындарымызды аралап, таңданыстарын жасырмады. Алдымен Есік қаласының кіре-берісінде орналасқан «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайына бас сұқты. Мұнда қонақтарды мұражай директоры г.Мұхтарова, археолог Б.Нұрмұханбетов, аудандық ішкі саясат және мәдениет бөлімінің қызметкерлері мен жергілікті ақсақалдар қарсы алды. Мұражайды бірге тамашалап, естелік суретке түсті. 

– «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында, сонда көрсетілген 86,87 қадамдарға сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе отырып ұймдастырылған экспедицияның бізге берері мол. Бұл арқылы қазақстандықтардың бойындағы ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраларға деген жауапкершілікті арттырамыз. Сонымен қатар, сапар барысында өзіміз табан тіреген елді-мекендер жайлы альбом жасап жатырмыз. Ал, осы «Алтын адамның» мекені аталған альбомның ішінен ойып орын алады – дейді экспедиция мүшесі, Алматы облысы «Достық үйі» қоғамдық келісім орталығының сарапшысы Индира Әлханова. Рас, қазақ қазақ болғалы аз уақыт өткен жоқ. Осы тарихи кезеңдегі халқымыздың жүріп өткен жолын уағыздайтын экспедиция өкілдері атаулы 4 мерекеден бөлек, Ш.Уәлихановтың 180 жылдығы, Абайдың 170 жылдығы мен І.Есенберлин, Е.Бекмахановтың туғанына 100 жыл толғанын республика жұртшылығына насихаттауда.

Мұражай жәдігерлеріне тамсанған қонақтар кейіннен Есік қаласының орталығындағы мешітке барып, ата-бабалар рухына құран бағыштады.

Ұлттық өнер насихатталды

Дәл осы күні Есік мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайында Қазақ хандығының 550 жылдығы, «Алтын адам» археологиялық ашылымының 45 жылдығы мен қорық-мұражайға 5 жыл толуына орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Шараның алғашқы бөлімінде «Қорғандар сыр шертеді» атты көрменің ресми ашылуы болды. Мерекелік жиында мұражай директоры Гүлмира Мұхтарова:

– Алдарыңыздағы көрме осы жылдың маусым айында Өрнек ауылының маңында жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған. Бұған дейін отандық ғылым саласында белгілі бола қоймаған мына археологиялық олжалар ерте темір дәуіріне, дәлірек айтсақ, б.э.д V-ІV ғасырларға жатады деп болжап отырмыз – дей келе «Алтын адамды» тапқан археолог Бекен ата Нұрмұхаметовтың биыл 80-ге толып отырғандығын да айтып өтті. Кейіннен аудандық мәслихат хатшысы Әділбай        Талқамбаев пен мұражай директорының орынбасары Балтабай Ыбыраев жиылған көпшілікті аталған мерейлі мерекелермен құттықтады. Көрмедегі Өрнек ауылы маңынан табылған қыш құмыралар мен ертедегі адамдардың тұрмысқа қажетті құрал-жабдықтары талайдың қызығушылығын тудырды. Олардың күнделікті өмірінен хабардар етті.

«Дәстүрлі жыр мерекесі» атты екінші бөлімде Балтабай Ыбыраевтың басшылығымен көне замандардың көзіндей болған жыраулық өнер кеңінен насихатталып, ақындар айтысы ұйымдастырылды. Толығырақ тоқталайық...

Ақ кимешек киген әжелеріміз бен ақ сақалды аталарымыз киіз үйдің сыртында ақын, композитор Алтай Үсеновтың «Есік вальсі» әні мен Толқын Әлештің «Шашу» әнін жанды дауыста тыңдап, эстрада өнерін тамашалады. Сәлден соң оюмен өрнектелген киіз жабылған қазақ үйге енгенде нағыз қазақылықтың исі аңқыды. Кимешек киген әжелер... Кес-теленген көрпе мен керегедегі түлкінің терісі... Иықтарына қазақтың шапанын жауып, қолдарына қара домбырасын ұстаған ақын-жыраулар... Бәрі-бәрі бір-бірімен үйлесім тапқандай болды. Жырау-термеші Күнқожа Қайруллаев Наурызбек жыраудың «Амандасу» термесі мен Құдайберген жыраудың «Насихатын» орындап, қазақтың төл өнеріне шөліркеген тыңдарманның құлақ құрышын қандырды. Кейіннен төрдегі қос орынға жайғасқан айтыс-керлер Даубай Әбдісаев пен Бақыт Жағыпар аға мен іні, ұстаз бен шәкірт арасындағы айтысты көрсете білді.

«...Құлашымды дәл бүгін,

Сермегелі кеп едім,

Күрделі қазып ақталған,

Қырық бес жыл сақталған.

Мүмкіндік берсе бүгінгі,

Сақтан шыққан бабамды

Жерлегелі кеп едім» – деп,  Даубай ақын сүйегі қырық бес жыл жер қойнауына тапсырылмаған «Алтын адамды» сынға алса, Бақыт Жағыпар Қытайдағы қандастарымыздың бүгінгі күйінен сыр шертті. Екінші жұп Қуатжан Ынтықбаев пен Ерқуат Оңашхан да бүгінгі қоғамның келеңсіз тұстарын астарлы әзіл арқылы тыңдарманға жеткізді. Сондай-ақ, ақындар Есік қаласының орталығында орналасқан Жәнібек пен Керей хандарға қойылған ескерткіш жайын да тілге тиек етті. Қазақы мерекені жыршы Мәриям Кетебаева қорытындылады. Таңды таңға жалғай жырлайтын жыршы бұл жолы қысқа қайырды. Десе де, қазақ қызына тән әсем даусымен талайдың таңдайын қақтырды. Тіпті, Алматы қаласынан мұражайға келген студент жастар кешке дейін қазақ үйдің сыртында отырып, шоқтығы биік өнермен сусындады. Мереке соңында аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов:

– Қыран бүркіттің томағасын шеш-песең ұша алмайтындығы секілді ақындардың басын қосып, осындай жиындарды өткізбесек ұлттық өнерімізден ажырап қаламыз – дей келе Гүлмира Мұхтароваға, Балтабай Ыбыраевқа алғысын жеткізді. Жиылған көпшілік те ұйымдастырушыларға ризашылық-тарын айтып, ақсақалдар ақ батасын берді.

Сардарбек НҰРАДИН.


Оқылды 5424 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет