Бейсенбі, 23 Сәуір 2020 16:47

Жақсының жақсылығын айт

Қазіргі қысылтаяң уақытта табысынан айырылып, бірді-бірге жеткізе алмай отырған отбасылар баршылық. Әсіресе, бұл жағдай – көпбалалы, әлеуметтік жағдайы онсыз да төмен отбасылар үшін үлкен соққы. Мұндайда көмек қолын созып, барымен бөлісудің өзі – ерлікке пара-пар әрекет.

         Біріксек, біз алмайтын қамал жоқ деген Қызылжар ауылының тұрғындары Көктөбе ауылдық округінің әкім аппаратымен және «Nur Otan» партиясымен бірлесе отырып, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын берді. Ауыл азаматтары – Жанәділ Шалағызовтың бастамасымен Ұлан Тулубаев, және Ермек Нұрланұлы қазақы дәстүрмен үй-үйді аралап, жылу жинады. Тұрғындар қолдан келгенінше көмегін көрсетіп, бірі ақшалай, енді бірі азық-түлік беріп, береке-бірлігін танытты. Жиналған қаражатқа 41 отбасына азық-түлік алып, тапсырылды.

         Сол сияқты ерлі-зайыптылар – Төребай Сақтағанбаев пен Жадыра Жаркенованы да оқырмандарымызға мысал еткіміз келеді. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демей ме қазақ?! Рахат ауылдық округіне қарасты Бәйтерек саяжайының тұрғындары Төребаевтар өз қалталарынан ақша шығарып, карантинге жабылған көршілес саяжай тұрғындарына екі күн бойы азық-түлік тасып, көпке үлгі болды. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына керек-жарағын алып, қолдан келген көмегін аямады. Көршілерінің бұл әрекетіне тәнті болған Лейля Дуненбаева редакциямызға хабарласып, «Мұндай қайырымдылық шаралары біріксек, біздің қолымыздан бәрінің келетінін көрсетіп отыр. Әрі қазіргі жағдайдан жабырқап қалған көңілге демеу беріп, жігерлендіреді», – деп өз ойымен бөлісті.

Әрине, мұндай кезеңде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, біріге білген ел ғана жеңе алады. Ендеше, бір-бірімізге демеу болып, көмегімізді аямайық, ағайын.

 

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Оқылды 2020 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет