Дүйсенбі, 11 Мамыр 2020 16:42

Майдангерлер ауласындағы концерт

Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейлі мерекесі биыл әлемді жайлаған індетке байланысты ерекше форматта өткізіліп жатыр. Халық көптеп жиналатын іс-шаралардың орнына аудан басшылығы барлық республикамыздағыдай Ұлы Отан соғысының ардагерлерін тұрғылықты мекеніне - үйіне барып құттықтап, сый-сияпат көрсетті.

Аудан әкімі Б.Ысқақ, мәслихат хатшысы Б.Ахметов, прокуроры А.Күренкей, ардагерлер ұйымының төрағасы Т.Ұзақов, 6654 әскери бөлімінің командирі Е.Жаңабергенов, аудандық қорғаныс істері бөлімі басшысының орынбасары Б.Смайылов аудан аумағындағы Ұлы Жеңісті қарсы алып отырған алты ардагерге арнайы барып, құттықтау сөздерін арнады. Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан, облыс басшысы А.Баталовтың, аудан басшылығының атынан құттықтау телеграммаларын, гүл шоқтарын, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы мерейтойларының медальдарын табыстады.

Аудан әкімі Б.Ысқақ әр ардагерге бүгінгі бейбітшілігіміз, ашық аспан үшін қанын да, жанын да аямай, жаумен айқасып, ұрпақтарына сыйлағаны үшін жүрекжарды алғысын айтып, ұзақ ғұмыр, денсаулық тіледі. Бұған жауап қатқан Бөлек ауылының тоқсан бестегі тұрғыны Н.Савраев: «Өмір сүре бергім келеді», – деді толқып тұрып.

Жуырда ғана өмірден озған соғыс ардагері Митроганның жесірі де басшылардың Жеңіс күнімен құттықтауына бөленді.

Ардагерлер аулаларында Жеңіс мерекесіне арналған үрмелі аспаптар концертін қойып, қариялардың көңілінен шықты.

 

 

 

 

***

Ардагерлерге сый-сияпат

Кешегі қолына қару алып, Отанымызды қорғаған жас жауынгерлер – бүгін қария жасындағы ардагерлер. 

Тоқсаннан асса да, бойларын тіктеп ұстап, әскери қалпын бұзбаған Солтанбай Жарықбасов және Николай Григорьевич Савраевпен қатар үйден алысқа ұзап шыға алмайтын, тіпті төсек тартып қалған ардагерлеріміз де бар Ұлы Отан соғысына қатысушылар қатарында.

 

Міне, осы бүгінгі бейбіт өмірді қорғаушы майдангерлер Солтанбай Жарықбасовты, Жылқыбай Тәжіқұловты, Мұзапар Шәріповты, Кузьма Коваленконы, Максим Утловты үйлерін аралап жүріп, құттықтады «NurOtan»партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев, филиал кеңесшісі Бағдат Рахимов, ардагерлер ұйымының жетекшісі Тілеулес Ұзақов және осы жолдар авторы, Партияның басқарушы органдарының Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтаулары тапсырылды ардагерлерге. Майдангерлер отбасына азық-түлік те жеткізіліп берілді.

Қ.Қасымұлы

Оқылды 1605 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет