Сәрсенбі, 28 Қазан 2015 10:22

Ауылым – алтын бесігім

«Елу жылда ел жаңа» демекші, жарты ғасырлық тарихы бар нұралықтардың туған жерге деген сағынышынан айтқан сөзі – бұл. Шынында да, ауыл – алтын бесік екенін ұядан қияға қанат қаққан әр арманшыл түлектері Сөгеті кеңшарының 50 жылдық торқалы  тойына жан-жақтан жиналғанда:

«Қайда жүрсем ата мекен,

Көкейімде жатады екен.

Күннің өзі ұясына,

Қимай оны батады екен» – деп жырлатқан ынтызар жүректің аңсаған сағынышы екенін айтқызбай аңғартты.

 

Сөгеті ауылының кең сарай – мәдениет үйінде жиналған жұртшылықты әуелі ауылдың өмір тынысы: балалардың шыбық мініп шапқылап, асық ойнаған, апа-әжелердің жүн сабап, ұршық иіріп, текемет басқан, қыз-келіншектердің күбі пісіп, қазан көтерген, ақсақалдардың ақылға қонымды әңгіме айтып, жастарға бата берген шынайы сахналық көрінісін тамашалаудан салтанатты жиынды бастап, сағыныштың «сары майынан» «дәм» татыруы да сондықтан.

Сөгеті селолық округінің әкімі Айтжан Қашағанов ауылдың елу жылдық тарихын баяндап, бүгінгі тыныс-тірлік жайлы кеңінен сөз қозғады. Аудандық мәслихат хатшысы Ә.Талқанбаев бабалардың ізі қалған, Қыдыр қонған киелі жерді тірлік дүбіріне бөлеп, оның ел болып өркендеуіне бар өмірін сарп еткен ауылға марқұм Сағыныш Есбергеновтың атын беріп, мәдениет үйінің ауласына ескерткіш орнату – туған жерге туын тіккен азаматқа әбден лайық екенін түйіндеп айтты. Сөгетіліктерді қуаныштарымен құттықтап Әділбай Айнабекұлы бір топ азаматтарды аудан әкімінің құрмет грамотасы, алғыс хатымен және ауылдың көркеюіне қашанда қол ұшын беріп, демеуші болып жүретін екі кәсіпкерді «Жомарт жүрек» төсбелгісімен марапаттады. Сағыныш ағаның жұбайы Әйкен апай құлазыған ен далада кеңшар құрған кездегі бейнетті тірлікті тебірене еске алды. Ауданның ардақты ардагерлері Т.Ұзақов, Е.Сұлтанғазиев, А. Дауытқұлов, бұрын осы ауылда партком хатшысы болған С.Нұрбекұлы кеңшар құрылған жылдардағы естен кетпес оқиғаларды еске алып, ауыл атын С.Есбергенов деп атау-ды, марқұмға бюст орнату ұсынысын қолдап, көпшілікті бұл мәселеге бір кісідей атсалысуға шақырды. Сөгетіліктер де орынды ұсынысты қолдап, қол соқты.

Сөгетінің танымал түлегі, журналист Сүлеймен Мәмет туған жері туралы толғана сөз сөйлеп, кейінгі ұрпақтың білімді болып өсуіне ықпал етуде мектептегі екі оқушыға және бір мұғалімге өз қаржысынан стипендия тағайындайтынын жариялап, оқу орнын тірек мектебіне айналдыруға, интернаттан Тұманбай Молдағалиев атындағы үйірме ашуға шақырды ауылдастарын. Республикалық, облыстық білім беру саласында қызмет атқаратын сөгетілік түлектер О.Жандосов атындағы мектептің бір топ мұғалімдерін ҚР Ғылым және білім министрлігінің, ал Салтанат Беспаева аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасымен марапаттады. Қайта жаңарған мешіт пен  Сүлеймен Мәмет өз кітап қорынан бөлген мектептегі жаңа кітапхананың ленталары қиылып, салтанатты түрде ашылды. С.Есбергеновтің мұражайын аралап, ауыл туралы мағлұматтармен танысты жиналған қауым. Ауылға ат басын арнайы бұрған құтты қонақтар еліміздің еңбек сіңірген танымал әншілері Нұрғали Нүсіпжанов пен Талғат Күзембаев құлақ құрышын қандыратын әуезді әндерімен тойға шашу шашты. Қонақтарға шапан кигізді. Жұртшылықты дастархан басына жинап, ас берілді. Той қазақша күрес, көкпар тарту, аламан бәйге жарысымен де көрермендер көңілінен шықты.  Қызыққа толы тартысты спорт ойындарын күні бойы тамашалаған көпшілік көңілдері марқайып тарасты.

Анарбек МӨКІШҰЛЫ.

Оқылды 4511 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет