Дүйсенбі, 25 Мамыр 2020 09:05

Комиссия назарында

Мемлекеттік бағдарламалардың негізі мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақсартып, инфрақұрылымды дамыту. Осы орайда ел игілігіне жұмыс жасап жатқан бағдарламалардың бірі ретінде «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» жобасын атауға болады.

Бағдарлама аясында елдің түпкір-түпкірінде әлеуметтік нысандар бой көтеріп, жолдар төселіп жатыр. Халық ауызсумен қамтылып, өзге де инфрақұрылым қалыпқа келтірілуде. Мұндай жобалар, әрине, біздің ауданымызда да баршылық. Бағдарлама барысында қолға алынған нысандардағы құрылыс қарқынын көзімен көру үшін өткен аптада Алматы облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Әлихан Тойбаевтың өзі келді. Аудан әкімі Б.Ысқақ, орынбасарлары – А.Бидаев, Б.Бименов, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Қ.Байғоджаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Жексембиев кірген комиссия құрамы құрылыстың мән-жайымен танысты.

Ауданымызда «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасымен биылдың өзінде салынатын және қайта жөндеу жұмыстары жүргізілетін нысандар саны – 106. Ал бұл дегеніміз, 106 нысанда жаңа жұмыс орындары ашылатынын білдіреді. Алдын ала болжам бойынша 3150-ден астам адам жұмыспен қамтылмақ. Құрылыс жұмыстарынан кейін 250 адам тұрақты жұмысқа орналасады. Екі қолға бір күрек таппай жүрген жандарға үлкен мүмкіндік. Жоғарыда айтқан 106 әлеуметтік жобаға бюджеттен бөлінген қаражат – 11 513 359.

Ал аталған нысандардың 46-сы білім саласына тиесілі. Оның 42-сі – мектептердегі дәретханалардың ағымдағы жөндеу жұмыстары. Сондай-ақ биылға жоспарланған ең үлкен жоба да білім саласында екен. Ол – «Денешынықтыру-сауықтыру» кешенінің маңынан салынып жатқан жаңа мектеп. Ә.Тойбаев бастаған комиссия құрамы алдымен осы нысанда болып, жұмыс барысымен танысты. Еліміздегі белді құрылыс компаниясы ВІ Urban Construction қолға алған нысанның құрылысына бөлінген қаражат – 4 млрд 500 мың теңге. 1500 орындық мектеп ауданымыздағы үлкен білім ошақтарының бірі болмақ. Жоспар бойынша нысан осы жылдың аяғына дейін қолданысқа берілуі тиіс.

Комиссия тексерген тағы бір нысан да білім саласына қарасты жоба. Ол  – Қызылжар ауылындағы О.Жандосов атындағы орта мектеп. Іргетасы 1969 жылы қаланған білім ордасының шатырына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бөлінген қаражат – 61 409 мың теңге. Ал құрылыс жұмыстарын жүргізетін – «АС-САПА-Құрылыс» ЖШС.

Жалпы, биылғы жоспар бойынша мәдениет саласына тиесілі 2 нысанды күрделі жөндеуден өткізу көзделген. Оның бірі – Көлді ауылының мәдениет үйі болса, екіншісі – Есіктегі Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйі. Комиссия құрамы ат басын бұрған тағы бір нысан – Есік қаласындағы мәдениет үйі. Биыл мұнда «ПСК Градцентр» ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Бөлінген қаражат – 549 680 мың теңге.

Мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан нысандардың барлығы да ел игілігі үшін жұмыс істеуі қажет. Ал оларға бөлінген қаржы ұстағанның қолында, тістегеннің ауызында кетпеуі керек. Қолға алынған жобалардың халыққа ойдағыдай жетуі үшін олардың құрылысын қадағалап, комиссияның жұмыс барысын назарда ұстауы да сондықтан.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Оқылды 2077 рет

Соңғы жаңалықтар

Маус 19, 2025

Атамекен Отаны – Бейбіт өмір ауылы

Тарих бетіне үңілсек, 1722 жылы Бірiншi Петр: «Қазақ Ордасы бүкiл Азия елдерi жерлерiне…
Маус 19, 2025

Қажырлы еңбек — ел мүддесіне адал…

Қытайдың Боғда тауының Күнгейінен Қазақстанға көшіп келген жерлестердің бас қосуында…
Маус 19, 2025

Ел жүрегінде сақталар қос есім

Кім келіп дүниеден кім кетпеген, Ащы қайғы кімдерді жүдетпеген. Еске алып дұғасына…
Маус 19, 2025

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп…

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Әкенің…
Маус 19, 2025

«Атамекен» – ұлттық рух мекені

Жазғы демалыста балаларға арналған мектеп жанындағы «Атамекен – ұлттық рухтың бесігі»…
Маус 19, 2025

Жаңарған ғимарат – жаңа мүмкіндіктер

Денсаулық сақтау жүйесін дамытып, сапалы медициналық көмекті ауыл халқына барынша…
Маус 19, 2025

Алғыс пен құрмет иелері

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі – медицина саласындағы қызметкерлердің кәсіби…
Маус 19, 2025

У нас союзнические отношения с…

Заместитель директора ТРК Президента РК Аскар Джалдинов спросил Президента России…
Маус 19, 2025

«Я не вижу никаких осложняющих…

 Отвечая на вопрос заместителя директора ТРК Президента РК Аскара Джалдинова, Президент…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет