Бүгінде мемлекеттік қызметтерді алу мақсатында азаматтардың Egov.kz порталы арқылы онлайн режимінде ХҚКО-ға бармай-ақ Шелек ауылдық округінің әкімшілігінде, округке қарасты орта мектептерде, балабақшаларда орналасқан электрондық үкімет порталына жүгіну мүмкіндігі бар. ХҚКО-лар egov.kz порталында қолжетімсіз қағаз түріндегі мемлекеттік қызметтерді тек алдын ала брондау бойынша көрсетеді. Ол үшін:
- Egov.kz электронды порталына кіріп, оң жақ бұрышта орналасқан «ХҚКО-ға» кезекті брондау» тетігін басыңыз;
- өзіңізге ыңғайлы жақын орналасқан ХҚКО бөлімін таңдаңыз; ЖСН нөмірін енгізіңіз;
- «келуді жоспарлау» тетігін басып, тізімдегі қажетті қызметті таңдап, келу күні мен уақытын көрсетіңіз;
- кезекті онлайн брондаудың өткені жөніндегі хабарлама келеді.
- Ал, телеграм-бот қызметін пайдалану үшін міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелу керек;
- ұялы телефоныңыздағы телеграм қосымшасынан egovkzbot 2.0-ды тауып, ондағы «старт» тетігін басасыз;
- мәзір арқылы телефон нөмірін жіберіп, қызметтер тізімінен «ХҚКО-ға электронды кезекті брондау» тетігін таңдау керек;
- халыққа қызмет көрсету орталығына келгенде жеке куәлікті ұсыну жеткілікті. Ескертпе: кезекке тапсырыс берген азаматтар белгіленген уақыт аралығында келуі керек. Себебі бронь уақыты өтіп кетсе, қайта брондау рәсімін жасау керек.
Тоқтар БЕКТҰРСЫН,
Шелек ауылдық халыққа қызмет көрсету орталығының маманы