Бейсенбі, 18 Маусым 2020 14:53

Қазақстанда коронавирусқа байланысты демалыс күндері шектеу енгізіледі

Үкімет Қазақстанның бірнеше өңірінде коронавирусқа байланысты демалыста жаңа шектеулер енгізілетінін мәлімдеді.

Қазақстанда коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдайға байланысты ведомствоаралық комиссия 2020 жылдың 20-21 маусым күндері, яғни осы снбі-жексенбі қосымша шектеу шараларын енгізеді. 

Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия төмендегідей шешім шығарды:

1) Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалалары бойынша;

- ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлардың қызметі тоқтатылсын;

- қоғамдық тамақтану орындарының қызметіне тек ашық алаңда әлеуметтік қашықты сақтаған жағдайда ғана рұқсат беріледі;

- қоғамдық көліктің қызметіне шектеу қою;

- қоғамдық орындардың жұмысын тоқтату: саябақтар, жағайжайлар, аквапарктер.

- фитнес-орталықтардың қызметін тоқтату;

- 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуға шектеу қою.

2) Халық саны 50 мыңнан асатын елді мекендерде:

- қоғамдық орындардың: саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, аквапарктердің жұмыс істеуін тоқтата тұру;

- 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуын шектеу.

3) өңірлердің бас санитардәрігерлерінің қаулыларына сәйкес Нұр-сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына аумақтық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіруді жабу, ал көрсетілген аймақтардағы адамдарға әлеуметтік қашықты сақтау.

Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне қысқа мерзімде мәселені шешуді тапсырды:

- медициналық ұйымдар базасында қосымша зертханалар ашу арқылы халық арасында ПТР-тестілеуді қамтуды кеңейту;

- ауруханалардағы жұқпалы және провизорлық орындардың санын арттыру;

- жедел медициналық жәрдем станцияларымен шұғыл және шұғыл шақыруларға уақтылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

- үйде отырған пациенттерге амбулаториялық-емханалық көмек деңгейінде сапалы динамикалық бақылауды (қашықтан, ұтқыр бригадалар) жүзеге асыру;

- халықпен белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

 

Оқылды 2755 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет