Сейсенбі, 30 Маусым 2020 15:32

Есеп қанағаттанарлық

Есеп қанағаттанарлық google.kz

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы қабылданған 11 жыл ішінде ауданымызда 287 маман пайызсыз бюджеттік несие алып, тұрғын үйге қол жеткізді. Биылдың өзінде 48 маманға тұрғын үй сатып алуға 200 млн теңге, 60 маманға көтерме жәрдемақы төлеуге бюджеттен 16,7 млн теңге бөлінген. Бұл туралы аудандық мәслихат жанындағы тұрақты комиссиялардың біріккен отырысында аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Бағлан Мушаева мәлімдеді.

Сонымен отырыс күн тәртібінде үш мәселе көтерілді. Алғашқысы, жоғарыда атағанымдай, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жүзеге асырылуы және осы бағытта бөлінген қаражаттың нысаналы игерілу дәрежесі», екінші – ауданда жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарылған жұмыстар, үшінші – «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ауданда тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрғын үй салу бойынша атқарылған жұмыстар. Әр мәселе бойынша жауапты бөлім басшылары есеп берді халық қалаулылары алдында.

Алғаш мінберге көтерілген Бағлан Сатбайқызы: «Дипломмен ауылға» жобасы жүзеге асырылғаннан бастап ауылдық елді мекендерге келген мамандар саны артты. Олардың 79%-ы әйелдер, 21%-ы ерлер, ал  63%-ға жуығы 30 жасқа дейінгі жастарды құрап отыр.  Ауданымыз бойынша 2009-2020 жылдар аралығында 587 маман (оның ішінде 449 – мұғалімдер, 119 – денсаулық сақтау саласының қызмет-керлері, 14 – ветеринария мамандары және 5 – мәдениет саласындағы мамандар) бір реттік көтерме жәрдемақы алса, 287 маман (оның ішінде 216 – мұғалімдер, 58 – денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, 9 – ветеринария мамандары және 3 – мәдениет саласының мамандары) пайызсыз бюджеттік несие алып тұрғын үйге қол жеткізді. Осындай жолмен кадр тапшылығы мәселесі де өз шешімін тауып жатыр.

Жоба жүзеге асырылғаннан бастап республикалық және жергілікті бюджеттен 961,8 млн. теңге бөлінді, оның ішінде: 86,5 млн. теңге - көтерме жәрдемақыларын төлеуге және 875,3 млн. теңге тұрғын үй алуға арналған бюджеттік несиелер. 2020 жылға 48 маманға тұрғын үй сатып алуға 200 млн. теңге және 60 маманға көтерме жәрдемақы төлеуге бюджеттен 16,7 млн. теңге қаражат бөлінді. Қаражат жылдың соңына дейін 100%-ы игерілетін болады» – деді.

Ал кәсіпкерлікті дамыту бойынша елімізде орын алған төтенше жағдай кедергі болған. Нақтыласақ, аудандық кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы Нұрболат Серғалидің мәліметінше, 362 тұрмыстық және сервистік қызмет, 175 қоғамдық тамақтандыру орындары онлайн жеткізу мақсатына көшсе, 411 азық-түлік емес сауда орындары, 12 сауда базарлары оның ішінде 2088 сауда орындары жұмыс орындарын сақтай отырып, уақытша тоқтатқан. Сәйкесінше, инвестиция тарту көлемінде де құлдырау бар. Бұл турасында:

– Инвестиция тартуда 2020 жылдың 1 маусымына ауданға 5 млрд. 700 млн. теңгенің инвестициясы тартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 млрд. теңгеге кем орындалды

Себебі, ауданда биылғы жылы құрылыс жұмыстары жоспарланған ірі инвестициялық жобалар «Энергия Семиречья»ЖШС-нің «Шелек дәлізінде қуаттылығы 60 МВт болатын жел электр станциясын салу» және «Жетiсу Вольфрамы» ЖШС-нің «Сөгеті ауылдық округінің Бұғұты массивінде вольфрам кенін өңдеу мен байыту» инвестициялық жобаларына аталған кәсіпорындар Қытайдан жабдықтар алуды жоспарлаған. Алайда, карантин кезінде екі ел арасындағы шекараның уақытша жабылуына байланысты Қытайдан жабдықтарды жылдың соңында жеткізуді жоспарлап отыр, – дейді Н.Серғали.

«Нұрлы жер» бағдар-ламасы аясында биыл ауданымызда ауқымды істер атқарылуда. Бұл турасында аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Әділжан Смағұлов мәлімдеді: – Есік қаласында 60 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары тәмамдалды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөліміне тапсырылды. Сол секілді Есік қаласында 30 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, осы айдың соңына дейін аяқталады деген болжам бар.

Тағы бір жаңалық, Есік қаласында 30 пәтерлі тұрғын үйдің абаттандыру жұмыстары мен инженерлік-коммуника-циялық инфра-құры-лымдар құрылысы жүргізіліп жатыр. Осы жылдың 30 шілдесінде аяқталуы тиіс, – дейді бөлім басшысы.

Бұдан бөлек бірнеше ауылдарда арнайы жерлер бөлініп, инфрақұрылым жүргізу жұмыстары қолға алынған.

Отырыс барысында депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, жұмыс барысындағы олқы тұстар сараланды.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА,

аудандық мәслихат

депутаты

Оқылды 2032 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 06, 2025

Шетелге шығатын саяхатшыларға…

Әлемдік туризмнің дамуы азаматтардың шетелге шығу мүмкіндігін арттыруда. Дегенмен, әрбір…
Қаз 06, 2025

Фортификация дегеніміз не?  

Фортификация – белгілі бір азық-түлік өнімдеріне дәрімендер мен минералдар сияқты…
Қаз 06, 2025

Балық өнімдерінің қауіпсіздігі

Балық және балық өнімдері халық денсаулығы үшін аса құнды тағам болып табылады. Оның…
Қырқ 30, 2025

Бруцеллез-аса қауіпті ауру!

Бруцеллез (сарып) - жануардан адамға жұғатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Бруцеллезбен…
Қырқ 23, 2025

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің…

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі – халықтың денсаулығын қорғау, сапалы…
Қырқ 23, 2025

Педикулездің алдын алу туралы

Педикулез (лат. *pediculosis*) — адамның терісі мен түктерінде паразиттік тіршілік ететін…
Қырқ 23, 2025

Биологиялық белсенді заттарды…

Халықтың денсаулығын сақтау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан…
Қырқ 23, 2025

«Тұрғын үй мен ғимараттарды…

Қоғамдық денсаулықты сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету…

Күнтiзбе

« Қазан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет