Бейсенбі, 26 Қараша 2015 15:44

Әр бала бақытты болуға лайықты!

«Бала – бауыр етің». Осынау тәмсіл жылдар тізбегімен жадымызда жаңғырып келгені ақиқат. Алайда, тасбауыр аналар мен безбүйрек әкелердің қоғамымызда кездесіп жататыны шындық. Оған жақында өткен аудандық кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының отырысында тағы бір мәрте көзіміз жетті. Бәрі де жауапкершіліктің жоқтығынан. Яғни, екі жас отау құрар алдында некеге жауапсыз қараудың салдары – кейінгі ұрпағының тірі жетім атануына әкеп соқтырады. Бұндай жағдай көз алдымыздан күнде өтуде.

 

Отырыста қаралған екі мәселе де осыған саяды. Яғни, (атын атап, түрін түстемей-ақ қояйын) ата-анасы ішімдікке салынып, үш бірдей баласын қараусыз қалдырған (суретте). Әрине, бұл жеңіл айтылған сөз. Жас бүлдіршіндердің ішерге асы, киерге киімі жоқ далада түнеп жүрген кездері де көп болған сыңайлы. Себебі, бейкүнә бүлдіршіндер әке-шешесіне бармаймыз деп комиссия мүшелерінің алдында көз жасын көл етті. Әкесі болса, мемлекеттен маған көмек жоқ деп назын айтты. Алайда, қолында бір құжаты жоқ көкек әке қалайша араққа ақша табатынына таңданасың. Қойшы, сонымен бейбіт күнде тірі жетім атанған бүлдіршіндерді енді мемлекет қамқорлығына алмақ. Бұл турасында комиссия төрағасы Бекет Ахметов:

– Әрбіріміз ата-анамыз. Осындай үлкен жауапкершілікті сезінбей, ел аман, жұрт тынышта жетім атандыратындар көбейіп келетініне алаңдайсыз. Екіншіден, ешқандай құжатсыз елімізде емін-еркін тайраңдап жүргендерге таңым бар. Тіпті, көлік жүргізу құжаты тұрмақ, жеке куәлігі жоқтар темір тұлпарды тізгіндеп жүр. Сонда заңымыз қайда, оны бақылаушы органдар жұмысы қайда? Міне, өздеріңіз де біреуіне куә болып отырсыздар. Не әкесінде, не анасында құжат жоқ. Балаларыңның құжаты қайда деп айтудың өзі қиын мұндайларға. Алды сегіз жасқа толыпты. Әлі мектепке бармаған, – деп ашынды. Кейіннен балаларды құжаттандыруды да тапсырды тиісті органға. Ал құжаты дайын болғанша үлкені уақытша мектепке де барады, білімін алады. Мектеп жасына толмаған екі бүлдіршін патронатты отбасын паналамақ.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе, соттың құзырына жіберілді. Себебі, осыдан бір жыл бұрын от басып, отбасынан, екі баласынан айырылған Т.Исаева енді балаларын өз қамқорлығына алуды өтініп отыр. Өткеніне өкініп отыр. Алайда, арызы сотта шешілмек.

Қандай жағдай болмасын, отбасын құру – еріккеннің ермегі емес. Ол мемлекетіміздің уығы. Одан тарайтын бүлдіршіндер – келешегіміз. Бұл дүниеде не тәтті, бала тәтті. Не сүйкімді, не қымбат, не артық деп сұралса, бәрінен де бауыр етің балаң десек қателеспейміз. Ең бастысы, осы жауапкершілікті сезінген абзал. Өйткені, бала – біздің көзқуанышымыз, жанымызға жылу сыйлайтын, ізімізді жалғастырушы ұрпағымыз. Осы бір жайтты естен шығармайық, өмірде орын алған сансыз түйткілдерге бала кінәлі емес, құрметті оқырман. Әр бала бақытты болуға лайықты!

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 5764 рет

Соңғы жаңалықтар

Там 01, 2025

ОКҚ жанында Жалған ақпаратқа қарсы…

Қазақстан Республикасы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің құрылымында…
Там 01, 2025

В СЦК запущен Центр по борьбе с…

В структуре Службы центральных коммуникаций при Президенте Республики Казахстан начинает…
Шіл 31, 2025

Қадағалаусыз тәртіп орнамайды

2025 жылдың шілде айында Қырбалтабай ауылдық округінде жастар ісі жөніндегі…
Шіл 31, 2025

Кассационные суды – доступ к…

Правовое регулирование защиты прав на судебную защиту в соответствии с Конституцией…
Шіл 31, 2025

Алматы облысында "JASYL EL" жастар…

2025 жылдың 1 тамыздан бастап Алматы облысы аумағында "JASYL EL" жастар еңбек…
Шіл 31, 2025

Заң үстемдігі — ел егемендігінің…

Конституцияның 30 жылдығы Белгілі бір терреториясы шекарасы, рәміздәрі, ұлты бар, жалпы…
Шіл 31, 2025

Жүрек қалаған мамандық

Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп…
Шіл 31, 2025

Адал еңбек – адамдықтың нышаны

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп…
Шіл 31, 2025

«Дети в ночном городе»

С 27 по 29 июля 2025 г. на территории Енбекшиказахского района было проведено оперативно…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет