Жұма, 18 Желтоқсан 2015 14:39

Ақын елдің ардағы

Жақында Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің жиын залында Қазақстан Республикасы журналистер Одағының мүшесі, халықаралық «Zaman Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі, ауданның құрметті азаматы, ақын, жазушы Шаяхмет Құсайыновтың 65 жасқа толуына орай шығармашылық кеші өтті.

 

Ақындар қай ғасырда да адамзат үшін керек тұлғалар қатарында. Еркелігін, ерлігін аңыз етіп айта жүрер ақындар бүгінгі қоғам үшін де ауадай қажет. Ар-намыс, махаббат, адалдық, мейірім, иман, батырлық сынды игі қасиеттерді үнемі дәріптеу үшін. Ал, ақын жоғалған қоғамда әділет пен әсемдік, нәзіктік пен пәктік жоғалатынын есекергейсіздер ,оқырман.

Шаяхмет Құсайынов осындай «от ауызды, орақ тілді», «жақсыны жақтап, жаманды даттап», «нарды нар, барды бар» дейтін ақынымыз. «Қазақ болып туғаныма мақтанам» – деп, әркімнің аузынан шыға бермейтін шындықты жырлап шырылдаған ақын. Тілі мен діні, салты мен дәстүрі жолында  құйрықты жұлдыздай құйғытып отқа сүңгіп опат болуға бар. Ол өлең оқығанда желке жүні күдірейіп арыс-тандай ақырып тұрады. Немесе арлан қасқыр азу тісін ақситып дәл қазір тап бергелі тұрғандай күй кешесің. Бұл өз денесіндегі өршіл рух, қайыспас қайсарлығы болса керек Шаяхмет ақынның. 

Аудандық мәслихат хатшысы Әділбай Талқамбаев та ақынның осы қасиеттерін айшықтай келе: «Қазақ халқының тарихына үңілсек, ханның бетіне шындықты тек қана ақындар айтып, қоғамның әділеттілігі жолында басын тігіп отырған. От кеуделі Махамбет ақын Жәңгір ханға не деді? Бұқар жырау Абылай ханға тек шындықты айтып қана қомай, ақылшысы да болды. Елдің ел болуы жолында Бұқар жыраудың өршіл жырлары қазақ батырларына қайсарлық дарытса, олар ел шетіне тиген қанды көз жауды қан қақсатып қайтарып тастап отырды. Осылай орта ғасырларда ақын – ақын ғана емес, қоғам қайраткеріне айналды. Ал қазір бұл мәртебе тіпті орасан жүк артады ақынға. Әділеттілік, имандылық, адамгершілік және т.б құндылықтарды дәріптеу, адамзатты адастырмау. Сондай-ақ, ақын бұл іске тікелей жауапты тұлға. Жаратушы Алла ақыннан бұл үшін жауапты тікелей өзі алады деген тәмсіл де бар ел ішінде» – деді. Сондай-ақ, ақынды сахна төріне шақырып, иығына шапан жапты, сый-сияпатын ұсынды.

Ақын, жазушы Шаяхмет Құсайынов турасында «Zaman Қазақстан» газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлы да толғана әңгімеледі. «Ақын тағдыры алмағайып тағдыр. Күлпара атты жарымен бірге бір ұл, үш қызды дүние жарығына әкелді. Алайда жары Күлпара ауыр науқастан өмірден өтті. Осы кезде ақын бір ұлы, үш қызын өзі тәрбиелеп, ел қатарына қосты. Бұл ерен ерлік. Жалғыздық жаратушыға ғана жарасқан. Бүгінгі жары да ақынның нәзік жанын түсіне білді. Шабытын еселеді. Бұл күнде екеуі бүлдіршін қыздарының қылығына сүйсінуде. Өршіл өлеңдері оқырманға тура жол сілтеп, жүректерге от, көңілдерге нұр сыйлауда» – деді. Жазушылар Одағының мүшесі Шаяхмет Құсайыновтың прозалық шығармала-ры өз алдына өнер шыңы. Шым-шытырық көркем суреттелген оқиғалар оқырманды бірден баурап, ой тұңғиғына сүңгітіп жіберетінін тілге тиек етті Ертай Айғалиұлы.

Сондай-ақ, аудандық Ішкі Істер басқармасы ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеуқазы Жақыпов ақынның Ішкі істер басқармасында қызмет еткен жылдарынан әсерлі естеліктер айтты. Мұнда да қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете жүріп, қолынан қаламын түсірмеген. Қалт еткен оқиғаны қағаз бетіне түсіре жүріп, әділдік, қылмыс тақырыптарындағы талай шағырмалары дүниеге келді.

Колледж директоры Гүлнәр Жошыбаева, «Қазселденқорғау» ММ Есік аймақтық пайдалану басқармасының басшысы Еркін Нұрмұханбетов және т.б кеш қонақтары ақын турасында әсерлі әңгімелер айтып, естеліктерімен бөлісті. Ал, ақын     Шаяхмет сиясы кеппеген жаңа туындыларын ұсынды. Онда өршіл рух, ар-намыс ұшқыны тағы да жарқылдап жатты.

 

Ә.МАНАСБЕК.

Оқылды 5621 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ақын елдің ардағы Ғұмырын әнмен әрлеген »

Соңғы жаңалықтар

Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет