Бейсенбі, 24 Желтоқсан 2015 11:40

Татулық, тәртіп – ел дамуының кепілі

Жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық үйлестіру кеңесінің көшпелі отырысы өтті.

 

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірінші – ұлтаралық келісім мен татулық мәселесі. Екінші – пәтер және мал ұрлығы мәселесі. Жиынды облыс прокуроры Ғабит Миразов ашып, жүргізіп отырды. Отырысқа облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев, қоғамдық кеңес мүшесі, даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіров, Алматы облысы бойынша Әділет департаментінің басшысы Бейбітбек Есенбеков, Алматы облысы бойынша ішкі істер департаментінің басшысы Мұрат Ұрұмханов,  ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Сәбит Құрманалиев, ҚР бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқрамасының басшысы Жұмагелді Құрманғалиев және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, қоғамдық кеңестер, аудан әкімдері, орынбасарлары, ішкі саясат басқарма және бөлім басшылары, этно-мәдени бірлестіктер, ақсақалдар ұйымдарының жетекшілері, учаскелік полиция қызметкерлері, аудан прокурорлары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Татулық пен ұлтаралық келісім тұрғысынан сөз сөйлеген Ғабит Миразов жастар тәрбиесіне ойыс-ты. Ұлтаралық келісім Тәуелсіз мемлекетіміздің ең басты құндылығы екендігін айтты. Осыған орай, әрбір жанұя, әрбір ата-ана бала тәрбиесіне барынша мұқият қарау –  келешегімізді баянды етуге қосқан үлкен үлес деді. Тәуелсіздік елімізді толерантты ұлт, ақ пейіл халық ретінде әлемге танытты. Бүгінде дүние жүзі Қазақстанды көп ұлтты мемлекет, ұйысқан ұлт ретінде таниды. Бұл құндылықты дәріптеу мақсатында бала тәрбиесінде ұлтаралық татулық мәселесін де кеңінен қолдануға кеңес берді. Сондай-ақ, бүгінде екі тентек жағаласа қалса соңы ұлтаралық мәселеге тірелетіндігін сөз етті. Мұндай жағдай ауданымызда да, өзге өңірлерде де орын алған. Жанжал басы қарапайым ғана қақтығыс, арты – өршіген өрт. Тіпті, жастарды қойып үлкендердің өзі дау салуға дайын тұратындығын жеткізді. Бұған ақсақалдарды тарта отырып алдын-алу шараларын ұйымдастыру қажеттігін айтты.      

Сөз алған Бақтияр  Өнербаев та ұлтаралық келісім еліміз жеткен елеулі жетістік, ерен ерлік екендігін атады. Сырт көздер қызыға да қызғана қарайтын бұл келісім Тәуелсіз мемлекетіміздің өзегі мен қуаты, айдыны мен айбыны деп толғанды. Оны бұзған оңбайтындығын жеткізді. «Өйткені, өзге мемлекеттерде соғыс пен жанжал туындап, өршіген өртті өшіре алмай жанталасып жатыр. Ал бізде келісім мен татулық туы желбіреу үстінде. Десек те, осы келісімді бұзып, арамызға іріткі салмақ ниетпен түрлі пиғылдар бас көтеріп жүр. Бірақ, бұл пиғылдар өз-өзіне берік, көзі ашық, көкірегі ояу елге залал келтіре алмасы заңдылық» – деді.

қоғамдық кеңес мүшелері Жақсылық Үшкемпіров, Виктор Хильниченко, аудандық ұйғыр этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Сулейман Мақсутов та ұлтаралық келісім, ортақ тәртіп Қазақстанның байлығы һәм берекесі екендігін жеткізді.

Сондай-ақ, мектеп қабырғасындағы әлімжеттік, жемқорлық, ұрлық сынды мәселелер де әңгіме өзегіне айналды. Жастар тәрбиесіне аса мән беруді, келелі жиындарды тұрғындар арасында да кеңінен өткізуді тапсырды облыс прокуроры.

Ұрлық мәселесіне ойысқан Ғабит Миразов ағымдағы жылдың 9 айында облыс көлемінде барлығы 21 735 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелгендігін айтты. Оның ішінде 10 432 оқиға дәл осы ұрлық ретінде тіркелгендер. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ұрлықтың жасалуы 9,8 % пайызға кемігенімен, келтірілген залал 1 млрд 288 млн теңгені құраған. Өткен жылмен салыстырғанда төрт есеге артқан.

Керісінше мал ұрлығы едәуір төмендеген. Барлығы 983 мал басы қолды болса, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда көрсеткіш 16,9 % төмендеген. Мәліметтерге сәйкес, пәтер тонау көрсеткіштері де алдыңғы жылмен салыстырғанда 33,6 % төмендеген.

Аталған қылмыстармен күресу мақсатында облыстық прокуратурамен Алматы облысында азаматтардың мүлкін тонау профилактикасының 2016 жылға арналған аймақтық жоспары дайындалған.

Қылмыс және тәртіпсіздікпен күрес аяусыз жүргізілетіндігін жеткізді Ғабит Миразов.

 

Ә.МАНАСБЕК.

Оқылды 5064 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет