Бейсенбі, 24 Желтоқсан 2015 11:51

Бар игілік бастауы

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай аудандық мәдениет үйінде аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіз Қазақстан – елім менің» атты мерекелік жиын өтті.

 

Барлық игіліктердің бастауы болған Тәуелсіздіктің әр таңы мен әр тәулігі қазақ халқы үшін аса құнды. Бұл құндылықты сансыз буын сарыла іздеп, сағына күтті. Сол үшін қанын төкті, жанын берді. Тәуекел түбі – Тәуелсіздік атты ана тілімізде сан жылдар айтылмай келген ақиқатты айғақтатты, айтқызды. Енді – егемен елміз. Сан мәрте «шүкір» дей отырып жүрегі соғып, жүрісі реттелген көшімізді алға шығарып «Мәңгілік ел» болу мақсатын айқындадық.  Мерекелік жиында ел мерейі үстем Тәуелсіздік күнін ұлықтаудан басталды. Мемлекеттік Гимн шырқалғаннан кейін, Қорам ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланған Тұрсын Еменбаев мемлекеттік ресми ант қабылдау рәсіміне шақырылды.

Тәуелсіз Қазақстанның халқы алдындағы өзімнің биік жауапкершілігімді сезіне отырып, Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, адал да білікті еңбек етуге салтанатты түрде ант етемін» – деп көпшілік алдында ант берді.

Сөз кезегін алған аудан әкімі Бинәлі Ысқақ: «Ақ түйенің қарны жарылған, азаттықтың ақ таңы болған бүгінгі торқалы той – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күн Қазақстан халқын әлемге бейбітсүйгіш ел, толерантты ұлт ретінде ұлықтаған күн. Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың аңсап жеткен арманы, үміті мен сенімі. Көк найзаның ұшымен, текті намыс күшімен әр сүйем жер үшін күрескен ерен ерлігіміздің, кемел елдігіміздің көрінісі. Тәуелсіздік – бейбітшілік пен өзара келісімде азат ғұмыр кешу таңдауы. Туған жеріміздің қазынасы мен қазба байлықтарына дербес иелік етіп, қоғамның игілігі жолында өз қалауымызбен жұмсау мүмкіндігі. «Мәңгілік ел» болу мақсаты. Бұлар біздің мәңгілік ұстанымымыз. Бұл құндылықтарды қасық қанымыз қалғанша қорғауға, «Мәңгілік ел» болу мақсатына әрбіріміз ұмтылуға тиіспіз» – деп, көпшілікті ұлық мереке Тәуелсіздік күнімен құттықтап, қандай қиындықтарға тап болсақ та азаттықтың әрбір таң, әрбір сәтін байлық деп біліп, бағалауға шақырды. Осыдан соң, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында елеулі еңбек сіңірген азаматтарға «Нұр Отан» партиясының партиялық билеттерін және алғыс хаттар мен ауданның құрметті азаматы төсбелгілерін сахна төрінде өзі қолымен табыс етті.

Сондай-ақ, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен мемлекеттік «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған орынбасары Бекет Ахметовты және Қазақстан Рес-публикасы Президентінің Құрмет грамотасымен наградталған «Әйелдер Одағы» қоғамдық қорының төрайымы Роза Исатаеваны шын жүректен құттықтады. Еңбектеріне жеміс, толағай табыс тіледі. Кезек концерттік бағдарламаға берілді.

Аудандық мәдениет үйіндегі мерекелік жиын ұлық күн сыйға тартқан игіліктердің бастауы ғана болды. Атап айтсақ, үш бірдей балабақша, бір дәрігерлік амбулаторияның тұсауы кесілді бұл күні. Есік қаласында, Балтабай және Бәйтерек ауылдарындағы кәсіпкерлер мен мемлекеттің өзара серіктестігі нәтижесінде ашылған балабақшалардың лента қию рәсімін аудан әкімі Бинәлі Ысқақ және ауыл ақсақалдары бірлесіп атқарды. Ақ жаулықты әжелер шашу шашты, бүлдіршіндер ән салды. Сондай-ақ, Ащыбұлақ    ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды.

Есік қаласында ашылған «Аяла» атты балабақшаның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Бинәлі Ысқақ көпшілікті Тәуелсіздік күнімен құттықтай келіп: «Бала тәрбиелеу – болашаққа жасалған ең үлкен инвестиция. Осы орайда, «Балапан» бағдарламасы бақытты болашаққа апаратын баспалдақ іспетті. Бүгінгі күнге аудан бүлдіршіндерін балабақшамен қамту 70 пайызға жетті. Бұл Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясаты мен еліміздің өзара татулығының арқасы» – деді.

«Аяла» атты балабақшаның өзге балабақшалардан ерекшелігі – тәулік бойы жұмыс істейді. Мұнда ата-аналары өкпе ауыруына шалдыққан балғындар қабылданбақ. Ата-аналары емделу себебімен жол жүріп кетсе, балалары үшін уайымға салынбайды. Балғындардың қарны тоқ, көйлегі көк болмақ. «Бұл бүгінгі күннің талабы» – дейді балабақша қызметкерлері.

Ащыбұлақ ауылында ашылған дәрігерлік амбулатория көлемі 461 шаршы метр, 30 бөлмесі, заманауи медициналық жабдығы бар. Бұған дейін 1982 жылы салынған ескі дәрігерлік амбулаторияда емделіп келген ауыл тұрғындары аудан басшылығына алғыстарын айтып, лента қию рәсімін Бинәлі Ысқақпен бірлесіп атқарды.

Бәйтерек және Балтабай ауылдарында ашылған балабақшалар да ауыл тұрғындарын қуантып тастады. Екі әлеуметтік нысан да жүз орындық. Бұлар жеке кәсіпкерлер мен мемлекеттің өзара серіктестігі нәтижесінде іске асқан игіліктер жемісі. Жүз орындық екі нысан меңгерушілері де бала санына қарай балабақшалар іргесін кеңейтіп отыратындығын айтты.

Ә.МАНАСБЕК.

Оқылды 4845 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Бар игілік бастауы Татулық, тәртіп – ел дамуының кепілі »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет