Жұма, 08 Қаңтар 2016 12:10

Жергілікті полиция қызметі құрылды

Жақында аудан әкімдігі-нің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс 56 сессиясы өтті. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Махаббат Бигелдиев, облыстық ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметінің басшысы Марат Күштібаев, аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары, аудан әкімінің орынбасарлары, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, басқарма, бөлім басшылары мен округ әкімдері қатысты. Күн тәртібінде бір мәселе: аудандық ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметінің басшысын тағайындау. Жиынды аудандық мәслихат хатшысы Әділбай Талқамбаев жүргізді.

 

Алғашқы болып сөз алған Бинәлі Ысқақ:

– Өздеріңіз білесіздер ауданымыз ауқымды. Халық саны да кейбір облыстармен пара-пар. Осындай елді-мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ету де оңай шаруа емес. Сондықтан жергілікті полиция қызметі басшысының кандидатурасын егжей-тегжейлі қарастырып, алдарыңызға ұсынып отырмыз. Алматы облысы әкімінің тапсырмасымен «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару» туралы заңның 6-және 29-баптарына сәйкес полиция подполковнигі Жүнісов Айдос Жексенұлын Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті полиция қызметінің басшысы лауазымына тағайындауға келісім берулеріңізді сұраймын – дей келе Айдос Жексенұлының өмірбаяны мен қызметтік жолына тоқталып өтті. Айдос Жүнісовтың кандидатурасымен танысқан мәслихат депутаттары кандидатты басшы ретінде тағайындауды бір ауыздан мақұлдады. Сессия соңында жиынға қатысушыларды жаңа жылмен құттықтаған Махаббат Бигелдиев:

– Бұл заң жобасы Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформасын іске асыру» жөніндегі 100 нақты қадамының 30 және 31 қадамдарын орындау мақсатында әзірленген. Заң жобасымен жергілікті полиция қызметі басшысының жергілікті қауымдастыққа есептілігі де қамтылып отыр. Бұл ретте аталған басшы әкімдіктер мен мәслихат және халық алдында есеп беретін болады» – деп көпшілікке түсінік берді. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы және Еңбек ардагері Солтанбай Жарықбасов жұртшылықты мерекемен құттықтап, ақ батасын берді.

Тұтастай алғанда бұл заң жобасы халық пен құқық қорғау органдарының ара-қатынасын нығайту мақсатында қабылданды. Енді жергілікті полиция қызметінің құрамына учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция, мектеп инспекторлары,  жол-патрульдік полициясы қызметкерлері, өңірлік және табиғатты қорғау, тұрғылықты жері жоқтарды және әкімшілік жазаланғандарды қабылдау-тарату бөлімшелері сонымен қатар, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелері біріктіріледі. Бұл алдағы уақытта полиция қызметкерлерінің жұмыс сапасын арттырып, қылмыс көрсеткішін төмендетуге септігін тигізбек.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 5402 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет