Бейсенбі, 11 Ақпан 2016 12:00

Бала тағдыры ойыншық емес

Ал осындай құйтырқы әрекетті көксегендер заң алдында жауап береді, ар алдында жауап береді. Бұл турасында жақында өткен аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда кеңінен айтылды. Күн тәртібінде қаралған мәселелердің бәрі де өзекті: некесіз туылған бала, тірлік тізгініне тұсалып, қызына тәрбие бере алмаған ана, әлімжеттікпен есепке ілінген бозбаланың бар мұңы, оның болашақ тағдыры – бәр-бәрі өмірдің өзінен алған өкініштер. Ендеше толығырақ...

 

Алғаш комиссия мүшелерінің алдына Қаракемердегі Қ.Орымбетов атындағы орта мектептің 2001 жылғы Анас-    тасия және 2006 жылғы Алена есімді оқушылары келді. Әдет-те айтқанымыздай, желөкпе сөзге желігіп от басқан, ақыры бала тағдырын балталаған қос бүлдіршіннің ата-анасының қылығын не дерсіз? Аналарының іздеуде жүргеніне де 3-4 жылдың жүзі болыпты. Әкесі болса, ішімдікке салынған. Заңды баласы екенін дәлелдейтін құжаты да жоқ қолында. Тіпті, тұратын үйлерін суреттеп жатудың өзі ауыр. Қуықтай бөлмелерді бүлдіршіндерден бөлек төрт адам паналайды екен. Оның екеуі жүйке жүйесі ауруына шалдыққандар. Бәрін айт та, бірін айт, бүлдіршіндер қауіпсіздігі үшін олар уақытша балалар үйіне жөнелтілді. Бұл турасында комиссия төрағасы Бекет Ахметов:

– Бәріміз де ата-анамыз. Ал бүлдіршіндеріміздің жағдайын жасау, балалық шағын жақсы өткізуге ықпал ету – әрбіріміздің міндетіміз. Ондай жағдай жасай алмады ма, мемлекет қамқорлығына алады. Тіпті, бұл азамат қазіргі уақытта заңды әкесі де емес. Сондықтан уақыт берейік. Бар құжатын заңдастырсын. Жағдай жасасын. Кейіннен қыздарын қайта ала алады, – деп ойын білдірді.

Екіншіден, Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің оқушысы А.Боданбай өз-өзіне қол салмақ болған. Себебін сұраса: «айналамдағылардың назарын өзіме аудартқым келді» деген. Осындай олқылық жіберген ата-ананы, мектеп ұжымын толық сын садағына ілді комиссия мүшелері. Байқағанымыз, жалғызбасты ана балалардың қамы үшін күн-түн демей жұмысқа жегілген екен. Қызымен сырласатындай мүмкіндігі де болмаған. Осы тұстан олқылық жібергенін мойындап, кемшіліктің орнын толтыруға уәде етті анасы. Ал мектеп ұжымы баланың бос уақытын сапалы өткізуде жіберген кемшілігі, оның жан күйзелісін ұғынбағаны үшін комиссия мүшелері алдында жауап берді. Сондай-ақ, ұжымдағы бірнеше мұғалімдер қатаң сөгіс алды.

Үшінші мәселе А.Жексембеков атындағы Түрген қазақ орта мектебіне тиесілі. Еліміз бойынша күн тәртібінен түспеген – бәз-баяғы әлімжеттік. Өзінің сыныптасын ұрған азамат комиссия алдында бұл заңсыз әрекетін түсіндірмек те болды:

– Жоғарғы сынып балалары бәрімізді жинап, ақша сұраған еді. Ал сол жиынға бұл сыныптастарым келмей қалды. Кейіннен екеуімен сөйлесуімді тапсырды, – деп ағынан жарылды бозбала. Енді бұл азамат аудандық тәртібі нашар балалардың тізіміне енді. Оның жай-жапсары туралы Бекет Төлегенұлы:

– Бұл тізімге енгендер тәртіп сақшыларының қатаң қадағалауында тұрады.  Сол ауылда бұзақылықтар болса, бірінші Сіздерден жауап алады. Екіншіден, тәртібіңіз түзелмесе, кейін мемлекеттік қызметтерге жұмысқа орналаса алмайсыз. Сондықтан, ендігі уақытта әр қадамыңызды тек ата-анаңыз ғана емес, тәртіп сақшылары да бақылайтын болады, – деді.

Білім ошағында мұндай әлімжеттікке жол берген мектеп ұжымына да оңай соқпады. Жұмыстарында жіберген олқылықтары үшін тиісті мамандар жауапқа тартылды.

Жиын соңында комиссияның 2016 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, комиссия құрамындағы өзгерістер айтылды.                                                            

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 4690 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет