Бейсенбі, 11 Ақпан 2016 12:09

Ата-анаға борыштымыз

Ислам дінінің түсінігінде отбасы – перзент бойында сүйіспеншілік пен мейірімділік қалыптастыратын қасиетті шаңырақ. Сол себепті, шариғатта отбасының екі тірегі – әке-шешеге айрықша мән-маңыз беріліп, Аллаһ Тағаланың Құран Кәрімде ата-анаға жақсылық жасауды бұйырғаны үнемі еске алынып, көптеген ізгі іс, ақыл-кеңес ата-ананы аялауға арналады. Хазреті Имам Нәсәфи былай деген: Ата-ананың (әке-шешенің) баласында сексенге жуық ақысы бар. Олардың 40-ы тірі кезінде, 40-ы қайтыс болғаннан кейін орындалады. Тірі кезіндегі он ақысы дене мүшемен, оны тілмен, оны жүрекпен (көңілмен), қалған оны ақшалай өтеледі. Дене мүшемен атқарылатын он ақысын газетіміздің алдыңғы санында кеңінен баян еттік. Ендігі тілмен өтелетін он ақысын ұсынып отырмыз.

 

1. Жылы сөйлеу, қарапайым болу, «уф» деп айтпау.

Хақ Тағала «Аһкаф» сүресінің 15 аятында былай деп бұйырған:

Адам баласына әке-шешесіне жақсылық істеуді нұсқадық. Өйткені шешесі оны зорға көтеріп, әрең босанады. Сондай-ақ оған жүкті болу, (сүттен) айыру отыз ай. Ақыр ол ержетіп, қырық жасқа ұласқан кезде: «Раббым! Өзіме әке-шешеме берген нығметтеріңе шүкірлік етуімді, өзің разы болатын түзу амал істеуімді маған нәсіп ете көр! Менің ұрпақтарымды да түзелт. Шын мәнінде, мен тәубе қылдым. Әрине мен бой ұсынушыларданмын» деді.

«Раббың тек Өзіне ғана ғибадат етулеріңді және әке-шешелеріңе жақсылық етулеріңді әмір етті. Егер олардың бірі немесе екеуі де жаныңда қартайса оларға «уф» деуші болма, ауыр сөз айтпа, оларға сыпайы және жылы сөйле, оларға жанашыр бол, қарапайым бол. Ол екеуіне мейірімділік құшағыңды жай да: “Я Раббым! Ол екеуі мені кішкентайымнан тәрбиелеп жетілдіргеніндей, сен де оларды рахымдылығыңа бөле!” деп дұға ет!»

Хазреті Хасан Басри былай деген: «Бір ғалым адамның әке-шешесі кәпір болса, құдықтан су әкеліп беруі үшін оған мұқтаж болып, ол да бірнеше рет шелекпен су әкеліп жүріп «уф» десе, барлық амалдарының сауабы жоқ болады».

2. Сөйлескенде даусын олардың даусынан жоғары көтермеу.

3. Олардың жандарында көп сөйлемеу, әдептен аспау. Ата-анасы білетін нәрселерін айтса да «тағы сол әңгіме ме?» деместен, ешқашан естімеген адамдай тыңдау керек.

4. Дөрекі (жаргонды) сөздермен сөйлемеу, тигізіп айтпау. Мысалға екі баласы бар адамның бір ұлы екіншісін меңзеп: «Ұлыңыз сөйтті. Егер мен солай етсем, қияметті қопарар едіңіз!» немесе «Апа, немереңізді қатты еркелете бермеңіз, төбемізге шығып барады. Тілімізді алмай кетті!» деген секілді сөздермен ата-ананы ренжітуге болмайды. Ата-анасының көзінше баласына ұрысуға, ұруға болмайды. Мұндай нәрселер ата-ананы қатты ренжітеді.

5. Әйелін олардан жоғары тұтпау. Пайғамбарымыз (с.а.у) былай деген:

«Әйелін анасынан жоғары тұтқан адамға лағнет болсын! Оның парыз болған және басқа да ғибадаттары қабыл болмайды». (Шира)

6. Аттарымен атап шақырмау, сөздерін бөлмеу және сөздерінің арасына кірікпеу, білгішсінбеу. Ата-анасы қате айтса да “олай емес” деп қарсылық көрсетпеу.

7. Ата-ананың арасын ашатын сөздерден, іс-әрекеттерден ұзақ тұру. Ата-ана мен ұлының немесе қызының арасын ашатын істерден ұзақ тұру. Әсіресе, келіндер ата-ана мен баласының арасын суытатын сөздерден алыс тұруы керек. Пайғамбарымыз (с.а.у) «Анасы мен ұлының арасын ашатын адамға лағнет болсын!» деп бұйырған.

8. Сөйлегенде “істе, істеме” деген сияқты бұйрық раймен сөйлемеу. “Істеп бере аласыз ба?” деген сияқты өтініп сөйлеу.

9. Игі, ізгі дұғаларын алу. Әке-шешенің дұғасын үлкен ғанибет, олжа деп білу керек.

Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Үш адамның дұғасы қабыл болады. Әке-шешенің, зұлымдыққа ұшыраған адамның және қонақтың дұғасы». (Тирмизи)

10. Бет дұғаларына (қарғыстарына) қалмау керек.

Хадис шәрифтерде былай делінеді:  «Әке-шешенің баласына және зұлымдық көрген адамның залымға жасаған бетдұғасы (қарғысы) қайтарылмайды». (Тирмизи)

«Өздеріңе, бала-шағаларыңа және мал-мүліктеріңе бет дұға етпеңдер! Дұғалардың қабыл болатын уақытқа тура келіп бет дұғаларың қабыл болады». (Мүслим)

Әке-шешең шақырған кезде не жұмыс істеп отырған болсаң да дереу оны тас-тап, әке-шешеңнің әміріне жүгір. Әке-шешең саған ашуланып айғайласа да оларға ешнәрсе деме! Әке-шешеңнің дұғасын алғың келсе, саған әмір еткен істерді тез және әдемі түрде орындауға тырыс! Бұл ісіңді ұнатпай, саған ренжіп қалуынан және бетдұға етулерінен қатты қорық! Саған ренжіген болса, оларға қатты сөйлеме! Дереу жылы сөйлеп, көңілдерін жайландыр! Әке-шешенің көңілдеріне мұқият бол! Өйткені сенің бақытыңмен пәлекетің олардың көңілдерінен туатын сөзге байланыс-ты. Әке-шешең ауру болса, кәрі болса, оларға көмек бер! Бақытыңның кілті олардан алатын ізгі дұғаларда екенін біл! Егер оларды ренжітіп бет дұғаларын алсаң, дүниең де ахыретің де опат болады. Атылған оқ кері қайтпайды. Олар тірі кезде қадірін біл!

 

Баспаға әзірлеген Ә.МАНАСБЕК.

Жалғасы бар...

Оқылды 3528 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ата-анаға борыштымыз Жұмыла көтерген жүк жеңіл »

Соңғы жаңалықтар

Там 06, 2025

Координирующая роль в регионе во…

"Казахстан полностью поддерживает усилия по реформированию ООН", – заявил Токаев в ходе…
Там 06, 2025

"Уход от автократии и укрепление…

Корреспондент Zakon.kz побеседовал с заслуженным профессором государственного управления…
Там 06, 2025

«ООН переориентируется на потенциал…

Визит Генерального секретаря ООН Антониу Гутерриша в Казахстан и открытие по инициативе…
Там 06, 2025

Токаев инициировал большое дело –…

Султан Биманов Что означает открытие регионального офиса организации для стран…
Там 01, 2025

ОКҚ жанында Жалған ақпаратқа қарсы…

Қазақстан Республикасы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің құрылымында…
Там 01, 2025

В СЦК запущен Центр по борьбе с…

В структуре Службы центральных коммуникаций при Президенте Республики Казахстан начинает…
Шіл 31, 2025

Қадағалаусыз тәртіп орнамайды

2025 жылдың шілде айында Қырбалтабай ауылдық округінде жастар ісі жөніндегі…
Шіл 31, 2025

Кассационные суды – доступ к…

Правовое регулирование защиты прав на судебную защиту в соответствии с Конституцией…
Шіл 31, 2025

Алматы облысында "JASYL EL" жастар…

2025 жылдың 1 тамыздан бастап Алматы облысы аумағында "JASYL EL" жастар еңбек…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет