Бейсенбі, 25 Ақпан 2016 14:27

Кеселмен күрес кешенді жүргізілмек

Жақында Бәйдібек би ауылдық мәдениет үйінде аудан шаруаларының бас ауруына айналған бактериалды күйік дертінің алдын алу мен емдеу және ауылшаруашылығына қатысты өзге де өзекті мәселелер турасында кеңейтілген семинар кеңес өтті.

 

Оған Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының директоры Абай Сағитов, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Алматы облыстық аумақтық инспекциясы, мемлекеттік инспекциясы басшысының орынбасары Болат Жылқыбаев, «Ө.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу инс-титуты» ЖШС басшысы Абдулла Сапаров, Қазақ ұлттық аграрлық университеті экономика және қар-жы кафедрасының профессоры Ғалижан Мадиев арнайы келді.

Аудан әкімінің орынбасары Мақсат Бекетаев кеңес тізгінін алып, жүргізіп отырды.

Сөз алған Абай Сағитов: «Елбасымыз үнемі жерді тиімді әрі дұрыс пайдаланудың тетіктерін айтып отырады. Көлемі жағынан әлемде 9-шы орын алатын мұндай жердің ешбір елде жоғы да аян. Еуропа мемлекеттері түгелдей сыйып кететін құнарлы жердің құнын білген жөн. 86 млн халқы бар Германия немесе 45 млн халқы бар Польша мемлекеті Алматы облысының аумағына                                                            сыйып кетеді. Сонысымен қоймай олар  бір тұрғынға шаққанда 100 кг алма өндіреді жылына. Польша алманы әлемнің 120 еліне экспортқа шығарады. 2015 жылы аталған ел 3 млн 800 мың тонна алма өндірген. Ондағы алмалы алқаптың аумағы 250 мың гектар. Бұл тұрғыдан алғанда бізге бейімделу қажет. Өйткені біз 50 жылға артта қалып отырмыз. Сондай-ақ, алмалы ағаштарымыз бактериалды күйік ауруына шалдықты. Бұл қауіпті жағдай. Өздігінен ешбір өсімдік өнім бермейтіні секілді, алма ағашы да балаша баптауды қажет етеді. Бұл үшін 20 немесе 28 рет мерзімді дәрі-дәрмектерді егу қажет. Ал біз көшеттерді отырғызған бойда қараусыз қалдырамыз» – деп, институт тарапынан ұсынылған дәрі-дәрмектермен таныстырды. Слайд арқылы бактериалды күйіктің алдын-алу бағдарламасынан хабардар етті. Кешенді жұмыс атқару қажеттігін жеткізді. Жаңа технологияларды енгізу тетіктерін түгендеді. Сондай-ақ, институт мамандары да ғылыми тұрғыдан аурудың шығу себептері мен алдын алу шараларын ұйымдастыру тұрғысынан баяндамалар жасап, аталған аурудың аса қауіпті екендігін ескертті.

«Голландия гүлдері, ауылшаруашылығына арналған техникаларымен әйгілі болса, Израиль тек қана тәтті бұрышты экспортқа шығару арқылы жылына 1 млрд доллар таза табыс көруде. Әлемдік дағдарыс мұнай бағасының құлдырап, қара алтынға байланған елдерді өзге табыс көздерін іздеуге мәжбүр етуде. Бұл тұрғыда жоғарыда аталған елдер дағдарыс кезеңінде табыс қорын толтырудың тамаша мүмкіндігін тапқан. «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан шаруаларға молынан қолдау көрсетілуде. Керек десеңіз, дәрі-дәрмектерге дейін субсидия бөлінеді. Дәл осындай жағдай туып, шаруалар өз еңбектерінің жемісін көрер шақта бактериалды күйік ауруы күйретуге әзір. Карантиндік шараларды жүзеге асыру мынандай кезеңдерді қамтиды. Ауруға шалдыққан ағаш маңындағы 20 метрге дейінгі жердегі ағаштар да оталуы тиіс. Бұлай етсек, барлық бақтарымызды балталаудан өзге амалымыз да жоқ.

Десек те, бұл қауіптен құтылудың жолы бар. Кешенді түрде ғылым мен шаруа қожалықтарының өзара бірігуі арқылы емдеу жолдарын қарастыру қажет. Ғалымдардың мүмкіндігі мол, тәжірибесі де жетерлік. Десек те, шаруалардың да жауапкершілігін арттыру – жеріміздің тазалығын қамтамасыз ету деген сөз. Химиялық препараттарды шектен тыс және көзсіз қолданудың кесірінен өсімдік құрамынан да, адамның ағзасында да түрлі кеселдердің пайда болатындығы ғылыми тұрғыдан дәлелденді де. Осы тұрғыдан алғанда шаруаларға ғылымға жүгінген абзал. Қытай препараттарын арзан бағамен алып, суға езіп, бір маусымда жеміс, көкөніс өнімдеріне шектен тыс шашу жемістің де, жердің де құнары мен құрамын өзгертетінін біле тұра бассыздыққа бару – қылмыс» – деген институт мамандары Бақытжан Досымбетов және Бақыт Көпжасаровтың баяндамалары көпшілікке ерекше әсер етті.

Болат Жылқыбаев инспекция тарапынан атқарылған істер және келешек жос-парлармен таныстырды.

Ғалижан Мадиев шаруалардың өзекті мәселелеріне тоқталды. Оларды түгендеп те өтті. Шаруалардың көпшілігі өнімді өткізу тұрғысынан қиындықтар көрсе, енді бірі алма ағаштарын ауыртып алмаудың жолдарын көрсетуді өтінген. Бұл өтініштер  турасында мамандар кеңесі ауадай қажет аудан шаруаларына. Ғалижан Мадиев жиынға қатысып отырған мамандарды таныстырып та өтті.

Семинар-кеңес шаруалар мен ғылыми қызметкерлерінің өзара байланысын нығайту, көлденең келген кедергілерді бірлесе жою мақсатында өтті. Шаруаларға «өзім білдімге» салынуға болмайтындығы ескертілді. Сондай-ақ, облыс аумағында карантин жарияланып, бактериалды күйік кеселімен күрес жүйелі жүргізілетіндігі айтылды.

Ә.МАНАСБЕК.

Оқылды 3873 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 21, 2025

Қазақстан энергетикасының даму…

Астана, 2025 жылғы 5 мамыр – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан…
Мам 20, 2025

Алматы облысында оқушылардың 92…

Алматы облысында 17 917 түлек үшін қоңырау соңғы рет соғылады. Олар үлкен өмірге қанат…
Мам 20, 2025

18 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЕЙЛЕР КҮНІ

Бүгін – адамзат өркениетінің тарихы мен мәдениетін, рухани байлығын жинақтап, келер…
Мам 20, 2025

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай…

2025 жылдың 15 мамырында Шелек ауылындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт…
Мам 20, 2025

Абайлаңыз, листериоз!

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Мам 20, 2025

Метрология – сенім құралы:…

Бүгін Метрлік конвенцияға қол қойылғанына 150 жыл толды.Метрлік конвенция – жаһандық…
Мам 20, 2025

ӘРТҮРЛІ ЖАРАҚАТТАРМЕН 240 МЫҢ…

Жыл сайын 20 мамырда әлемнің травматолог-дәрігерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап…
Мам 20, 2025

Көлік министрлігі жазғы маусымда…

Жазда ел тұрғындары Алакөлге ұшақпен, пойызбен немесе автокөлікпен жете алады. Теміржол…
Мам 20, 2025

Қазақстанның энергия теңгеріміндегі…

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК)…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет