Сейсенбі, 01 Қыркүйек 2020 09:22

Аудан әкімі білім күнімен құттықтады

Аудан әкімі Қуанышбек Қашқымбаев ұстаздар мен оқушыларды білім күнімен құттықтады.

 

Құрметті ұстаздар мен қымбатты оқушылар!

Сіздерді білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бүкіл әлемді жаулаған коронавирус індетінің кесірінен биылғы Білім күні жылдағыдан өзгеше атап өтілетін болады.

Білім күні – жалпыхалықтық үлкен мереке. Жаңа оқу жылының басталуы өмірімізде қастерлі дәстүрге айналып, бірталай ұрпақтарды біріктірді.

Білім – адам баласының өмірлік серігі, өз тағдырының тұғыры. Ал ұстаздар – осынау жарқын әлемге жол ашушылар.

Шындығында, ғылымның, жаңа технологиялардың қарқынды дамуы өмірде жоғарғы кәсіби білімді, болашаққа талпынысты, жаңа инновациялық ізденістер мен талаптарды қажет етеді.

Мемлекеттің қолдауымен сапалы және қолжетімді білім алуға қолайлы жағдайлар жасалған. Жыл сайын білім саласына қаражат көлемі ұлғаюда, білім ошақтарының материалдық-техникалық базасы нығаюда, оқу процесіне жаңа технологиялар енгізілуде. Біздің міндетіміз – осы үдерісті сақтап, жандандыру.

Айтулы мереке күні оқушыларды, мектеп ұжымдарын, ата-аналарды, әсіресе мектеп табалдырығын бірінші рет аттап отырған бүлдіршіндерді шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерге жақсы көңіл-күй, зор денсаулық, білім жолында жаңа жетістіктерге жетулеріңізді тілеймін!

Оқылды 3391 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет