Бейсенбі, 17 Наурыз 2016 15:49

Ауданның аруы анықталды

Жақында Қайназар ауылдық мәдениет үйінде аудандық ішкі саясат, жастар ресурстық орталығы мен «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Аудан

аруы – 2016» сұлулар байқауы өтті.

 Ауданымыздың түпкір-түпкірінен жиналған сәні мен ақылы келіскен 19 ару «Өзін-өзі видеоролик арқылы таныстыру», «Өз өнері», «Ұлттық сән үлгісі», «Білім сайы-сы» кезеңдері бойынша өнер көрсетті. Бірі ән айтса, енді бірі би билеп көпшілікті таңдандырды. Ал, «Ұлттық сән үлгісі» сайысында қыздар өздерінің қолөнер шебері екендігін көрсетіп, оюлармен өрнектеген киімдерімен жұртшылықты аң-таң қылды. Олардың өнерін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы Ақмарал Қанапина, мәдениет үйінің директоры Райхан Жанбосынова, актриса, хореограф Балжан Төкен мен жастар ресурстық орталығының бас кеңесшісі Сұлтан Тойғанбай бағалап, қазылық етті.

Байқау нәтижесінде қаракемерлік Дильшода Карибае-ва жүлделі үшінші орынға шықты. Саймасайлық Аружан Өмірбек екінші орын алды, бірінші орын Ақшидің аруы Назерке Анықбайға бұйырды. Сайыста білімі мен шеберлігі, сұлулығы мен ұшқырлығын көрсете білген рахаттық ару Гүлсезім Тазабек бас жүлдені иеленіп, «Еңбекшіқазақ ауданының аруы» атанды. Қатысушылар алғыс хаттармен марапатталып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 3504 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет