Бейсенбі, 05 Қараша 2015 11:52

Азаматтың абыройлы ісі

Ибрагим Исмайылұлы Кебиров қарапайым кішіпейіл азамат. Жұмысына тыңғылықты, өз кәсібін жетік меңгерген білікті маман. Есік қаласындағы мектеп-интернатта оқыған. Сынып- тастары арасында ерекше көзге түсіп, білімі мен қабілетінің арқасында өзі қалаған оқу орнын жақсы аяқтап шығады да, мамандығы бойынша құлшына іске кіріседі. Өткен күнге көз жіберсек, Ибрагим Алматы облысының көптеген ауданда- рында құрылыс саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырған құрылыс майталманы.

Ұйғыр, Райымбек, Еңбекшіқазақ, Іле, Жамбыл ауданда- рында мектеп, аурухана,балабақша салып, елдің әлеуметтік жағдайының жақсаруына өзіндік үлесін қосып келеді. Осындайда «Азаматына қарап ау- ылын таны» деген аталы сөз еріксіз ойға ора- лады.Көмек қолын созатын, өз ісіне тиянақты, жұмысы тындырымды болғандықтан, атқарған шаруалары да сапалы болуда. Айтқан сөзінде тұру, оны орындау – үлкен адамдық қасиет. Сол себепті адамдар мұндай азаматтарға сенеді, арқа сүйейді, сыйлайды, құрметтейді. Жиырма жылдай бірге жұмыс істеп келе жатқан әріптесі Тұрдақынмен ой бөліскенімде: «Жұмысына адал әрі жұмысын тыңғылықты істейтін,өзінің қарамағындағы жұмыскерлеріне талапшыл, өтірік сөйлегенді ұнатпайтын, өз ісінің шебері», – деп Ибекең жөнінде ағынан жарылды. Иә, нағыз азамат осындай болса керек-ті. Әрқашан жұмыс басынан табылып, қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіріп отырады. Өмір болған соң адам ба- сында түрлі жағдайлар кездеседі. Соларға қолын созып, материалдық, моральдық көмек беріп, ақылын айтып, жаныңнан табылады. Мектеп Азаматтың абыройлы ісі өмірі де қарбалас кезеңдерден тұрады. Бірі бітсе, екіншісі басталып жатқан жұмыстар. Барлығын жасап тастау да мүмкін емес. Абы- лайхан мектебінде биылғы оқу жылында 1-11 сыныптар бойынша 1750 бала оқиды. Мектеп екі корпустан тұрады, екінші корпуста бастау- ыш сынып оқушылары оқиды. Ата-аналар та- рапынан дәретхананың талапқа сай еместігі туралы өтініштер түскендіктен, оны қайтадан жасаумәселесі туындады. Осы кездеде Ибра- гим Исмайлұлы есімізге түсіп, көмектесуін сұрадық. Көп сөзге келген жоқ, балалар үшін көмек қолын созатынын айтып, уәдесін берді. Ертесі-ақ жұмысты бастап кететіндігі туралы айтып, көңілімізді орнықтырды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жарамсыз дәретхананы бұзып, жаңасын тұрғызып берді. Айтуға жеңіл болғанымен, жұмыс барысындағы қиыншылықтарды жеңе білді. «Азаматтың ісін бастағанынан емес, аяқтағанына қарап бағала» демекші, бастаған ісін жауапкершілікпен бітіріп, өткізіп берді. «Сабақты ине сәтімен» дегендей, осы істің басы-қасында болып,ашық алақанымен, кең жүрегімен жомарттық танытқан Ибрагимге мектеп ұжымы мен ата-аналар комитетінің атынан зор алғысымызды білдіреміз. Жанұясына бақыт тілеп, ел экономикасының дамуына зор үлесін қосып, биіктен көрінуіне тілектеспіз.

І.ҚАТУБАЕВ,

Абылай хан атындағы орта мектеп директоры.

Оқылды 3315 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Теңге қайда барасың? Азаматтың абыройлы ісі »

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет