Бейсенбі, 12 Қараша 2015 11:54

Елім деп еміренген ер

Қазақтың батыр ақыны Махамбет Өтемісұлы:

– Халық үшін қан төгем деп,

Қараны ханға теңеп берем деп.

Ол мақсатқа жете алмай,

Дегенімді ете алмай,

Қор болдық-ау, шырақ-ай! – деп азаттық жолында қарапайым халықтың мүддесі үшін қасық қаны қалғанша күрескен. Ал одан бұрынғы, кейінгі батырларымыздың да мақса-ты бір – қазақ халқының тәуелсіздігін алу. Осы жолда құрбан болып, 41-дің қаһарлы күндерінде от кешкен Бауыржан Момышұлының есімін білмейтін қазақ кемде-кем. Ол сұрапыл соғыс жылдарында Отанын оттан қорғап қана қоймай, ұрпағына қара сөзден өшпес із қалдырды. Биыл батыр бабаның туғанына – 105 жыл.

 

Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы өз халқын ғана емес, бүкіл Жер жүзін мойындатқан даңқты қолбасшы. Оның соғыстағы тактикалары әлі күнге қолданылып келеді. 207 рет жау құрсауына шабуыл жасап, бірнеше рет жарақаттанған батыр еш мойыған емес. 1941 жылдың 26-30 қараша күндері гвардия капитаны Момышұлы Мәскеу облысы Соколово деревнясының маңында неміс әскерінің шабуылын 4 тәулік бойы тойтарып, сәтті ұрыс жүргізеді. Сол жылдың 5 желтоқсанында омыртқасына оқ тиіп, жарақат алады. Оны санбатқа жеткізгенде дәрігерлер дереу госпитальға апару керектігін айтқан. Бірақ, ол дәрігерді тапаншамен қорқытып, оқты сол жерде шығаруды бұйырған. Оқты алып, жараны таңғаннан соң, Б.Момышұлы ұрыс алаңына түк болмағандай қайта оралған. Осылайша, қазақ ұлдарының батыл да қаһарман елдің ұрпағы екендігін дәлелдеді. Сондай-ақ, өзінің қаталдығы мен қырағылығының арқасында қол астындағы жауынгерлерді жеңіске жетеледі. Соғыс кезінде жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен көзге түскен ол бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман-есен алып шығады. Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Кеңес Одағына аңыз болып жайылады. Осының негізінде орыстың белгілі жазушысы Александр Бек «Волколамское шоссе» (Арпалыс) повесін жазды. Кейіннен, батырлығымен одақтас республикаларға атағы шықты. Мәскеу түбіндегі шайқас Б.Момышұлының өміріндегі ерекше кезең болды. Жас сардар, 1073 атқыштар полкінің батальон командирі болған тұста қақаған қыста сарбаздармен бес рет қоршауды жарып шықты. Жалпы саны 25 рет ұрысқа қол бастап кіріп, соғыс тарихында болмаған тактикалық маневрлер жасап, әскери өнерге жаңалық енгізген. Ол тәжірибелі стратег, асқан тактик, психолог болған.

Елім деп еміргенген ер батырлығымен қоса талантты қаламгер. Оның шығармалары көбі соғыс жылдарында орыс тілінде жазылған. Бүгінде батыр атаның «Ұшқан ұя», «Мәскеу үшін шайқас», «Қанмен жазылған кітап» сынды туындылары қалың оқырманға кеңінен танымал. Оның ұшқыр қаламынан туған өмір шындығының негізіндегі тамаша романы мен әңгіме, повестері қазақ әдебиетінің шоқтығы биік туындылары.

Мен қыз баласы болсам да батыр атамның шығармаларын қызыға оқып, көзсіз ерлігіне әрдайым сүйсініп жүремін. Ал, Бауыржан атаның өмірі жайлы жазылған Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» кітабы менің өмірлік азығым десем де артық айтқандық емес. Біз, қазақ халқы осындай батырларымызды Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында ғана емес, күн сайын еске алып отыруымыз қажет. «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын» деген дана қазақ. Егемендік жолында құрбан болған баһадүрлерімізді ұмытпай, жасаған ерліктерін жас ұрпақтың санасына сіңіре білейік.

Әлия БОДЫБАЕВА,

Райымбек атындағы орта мектептің

7 сынып оқушысы.

 

Оқылды 4238 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Үйлену– сүннет, үй болу– міндет Елім деп еміренген ер »

Соңғы жаңалықтар

Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет