Бейсенбі, 24 Желтоқсан 2015 13:57

Ал, балалар, келіңдер, Тамашаны көріңдер!

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағынған.

Міне, сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.

Ал, балалар, келіңдер,

Тамашаны көріңдер!

 

Дәл осылай жаңа жылды қарсы алды қайназарлық бүлдіршіндер. Нақтылай өтсек, 22 желтоқсанда Рахат округі әкімдігінің қолдауымен, Қайназар мәдениет үйінің директоры Райхан Жанбосынованың ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі округ бүлдіршіндері қуанышқа кенелді. Шыршаны айналып, Аяз атаға өлеңдерін оқып, тәттілерін алды.

Жасыл шыршаны айналған бүлдіршіндер мен ата-аналарға алғаш тілегін Райхан Жанбосынова ақтарды:

– Құрметті бүлдіршіндер, Сіздер келешегімізсіздер. Бүгінгі алдыңғы буын өкілі ретінде оң жол сілтеу  – бізге міндет. Ең маңыздысы, Сіздердің жарқын күлкілеріңіз, риясыз қуаныштарыңыз. Жаңа келе жатқан мешін жылы баршаларыңызға құт әкелсін, – деді.

Аяз ата мен ақшақарды сағына күткен бүлдіршіндер шырша кейіпкерлерін зор қуанышпен қарсы алды. Кейіннен округ бойынша 655 мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге кішігірім сыйлықтар таратылды. Ойындар ойналды. Қой жылын құрметпен шығарып салды, мешін жылын ақжарқын жүзбен қарсы алды. 

Өз тілшіміз.

Оқылды 6680 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет