Жұма, 08 Қаңтар 2016 12:31

Сөз қадірін білеміз бе?

Тәуелсіздікке қол жеткізу  оңай  болған жоқ. Уақыттың өзін  ғана алсақ  осы асыл арманға қол жеткізу үшін жылдар,  ондаған, жүздеген жылдар  қажет болды. Ғасырлар  бойы бабаларымыз ұлттық  мінез-құлықты қалыптастырды. Менталитетіміздің, мәдениетіміздің, тұрмыс-тық  әдет-ғұрыптарымыздың негізін  қалады.  Тарихымызды таразылап, ұлттық  фольклорымызға қазір қағазға түскен, электрондық жүйеге  цифрланған ауыз әдебиетіне  жүгінсек ұлттық мінез-құлқымыздың өзегі елге, туған жерге  деген, ата-ананың балаға деген, баланың  әкесі мен шешесіне, үлкенге  деген сүйіспеншілігінен  құралатынын көреміз. Қазақтың бойында өзіне деген, өзгеге деген сыйластықтың, сөзге  тоқтау,  жөн сөздің бағасын  білу  деген қасиеттер бұрынырақ  басым болған. Қанына  біткен  осы  қасиеттердің  бәрі  бар ма қазіргі  қазақта. Міне, мәселе  қайда!  Тәуелсіздіктен басталған сөзіміз неге ұлттық мінезге ұласып кетті  дерсіз. Оған  жауап: Ұлы  даланы,  Алатау  мен Алтайды,  Атырау мен Арқаны жайлаған, Еділ, Жайық, Ертіс, Есіл мен Ырғыз-Торғайды, Жетісудың асау  өзендерін бойлаған ата-бабаларымыз бүгінгі, болашақ ұрпақтар  қамын ойлаған. Ұлттық мінез, патриоттық сезім отбасынан  басталатын отансүйгіштік  болмаса осынау ұланғайыр жерімізді  ата-бабаларымыз  сақтап қала  алар ма еді?! Ұлт мінезі, қазіргіше менталитетіне қазақтың  кең даладай  кеңдігі, қонақжайлығы, осыған  сай аңғалдығы да жатады-ау.  Сол  осалдығын  ойлап, бабаларымыз  «Жаттан жолдасың болса,  қасыңда айбалтаң болсын» деп ескертті. 

 

Сонымен қатар  мінездегі тағы бір кемшілігіміз: кейде ағайынмен араздасып қалатын, сөйтіп бірліктен  айырылып, күш-қуатымызды  жоғалтып алатын  сәттерден сақтандырып «Жақыныңды жаттай сыйла, жат-жанынан түңілсін» деп  ақылын айтты данышпан бабаларымыз.

Ақшаға, бизнестегі  үлесіне таласып,  о дүниеге өтіп кеткен ата-ананың дүние-мүлкін бөлісе алмай  жаға жыртысқан ағайын жоқ па арамызда? Осы жайды  болдырмау үшін ертеректе сөзі салмақты ел ағалары  болмап па еді? Болды. Қазір де бар шығар. Бірақ  сирек. Елбасымыздың қоғам  дамуын  ширату үшін жасалған  қадамдарының бірі –  билікке тіреу бола алатын ел ағаларынан, беделді  азаматтардан  құралатын жергілікті қауымдастыққа  сүйену еді ғой. Ендеше сол ел ағалары атына сай, сөзі де салмақты  болу керек-ақ. Осыдан біраз жыл бұрын  Есіктегі екінші  шағын ауданның  бес-алты көп қабатты  үйінің  ортасындағы  үстелдің айналасында   жайғасып алып карта ойнап отырған  «қарияларды» көріп жүрдім. Бұл сөзді  тырнақшаға алу  себебім  карташылар  негізінен  зейнеткерлікке  шыққан  кешегі қызмет адамдары еді. Сыра, шараптарын  жанына қойып алып, аузына  келген  балағаттарын, орысша  маттарын  сапырып  отырған  сол «ақсақалдарға ескерту  жасамақ  болып  жанына  бардым: «Оу, ағайындар,  мынау  алаң – қоғамдық жер.  Бала-шаға  ойнайтын жер. Жас келіндер кірін жайып, бозбалар жолығатын  жер. Ауыздан шыққан  жаман сөзге   сақ болмайсыздар ма?»  Естіген жауабымды жазбай-ақ қояйын. Бейпіл   ауыз,   тәртіптен ада ағаларды  жөнге салу үшін  құқық қорғау  қызметіне   жүгінуге тура  келді.

«Екі елі ауызға – төрт елі қақпақ» деген сөз  бар. Сол «қақпақты қоя алмаған «ағалардан»  не үміт, не  қайыр?»

Ұлы жазушымыз  Мұхтар Әуезовтен  «Ел болам  десең, бесігің-ді  түзе» – деген сөз  қалды. Отбасындағы тәрбиеден бастау алады осы «бесігіміз». Одан кейін жоғарыда айтылған аулада жалға-сып, көшеге ұласады. Мектеп сыныптары мен акті залы, спорт залы да денешынықтыру сауықтыру кешені (ФОК) мен мәдениет  ошақтарын-дағы концерттер мен  дискотекалар да – тәрбие  орындары. Дискотека демекші  жаңа жылдың  алдында  Есіктегі  көпірдің алдында   «Назад в СССР» – новогодняя  дискотека» деген билборд пайда болды.  Ауданымыздың идеология  саласын бағыттайтын бөлімнің жеделдігінен болар, бірнеше сағат қана ілініп тұрған билборд  алынып үлгерді. Бірақ сол бірнеше  сағатта көпірден өткен жүздеген  жаяу, көлікті жүргіншілердің санасында  күдікті сұрақ ұялап үлгерді. Міне, сөздің  салмағы  дегенге  осындай  жайттар да  жатады.  Ең  соңында айтпағым, Тәуелсіздікке қол жеткізу оңай болған жоқ. Ұстап тұру, тұғырынан тайдырмау одан да  қиын. Сол тұғырды мығымдап бекіту жолында салиқалы да, салмақты  сөздің орны бөлек ұлттық мінез құлқымызда, менталитетіміздегі ұрпақ тәрбиесіндегі ұлағатты сөз қадірін  көтере беруіміз керек.              

Хайролла АХМЕТЖАНОВ.

Оқылды 3577 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Адамдықтың белгісі Сөз қадірін білеміз бе? »

Соңғы жаңалықтар

Маус 19, 2025

Атамекен Отаны – Бейбіт өмір ауылы

Тарих бетіне үңілсек, 1722 жылы Бірiншi Петр: «Қазақ Ордасы бүкiл Азия елдерi жерлерiне…
Маус 19, 2025

Қажырлы еңбек — ел мүддесіне адал…

Қытайдың Боғда тауының Күнгейінен Қазақстанға көшіп келген жерлестердің бас қосуында…
Маус 19, 2025

Ел жүрегінде сақталар қос есім

Кім келіп дүниеден кім кетпеген, Ащы қайғы кімдерді жүдетпеген. Еске алып дұғасына…
Маус 19, 2025

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп…

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Әкенің…
Маус 19, 2025

«Атамекен» – ұлттық рух мекені

Жазғы демалыста балаларға арналған мектеп жанындағы «Атамекен – ұлттық рухтың бесігі»…
Маус 19, 2025

Жаңарған ғимарат – жаңа мүмкіндіктер

Денсаулық сақтау жүйесін дамытып, сапалы медициналық көмекті ауыл халқына барынша…
Маус 19, 2025

Алғыс пен құрмет иелері

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі – медицина саласындағы қызметкерлердің кәсіби…
Маус 19, 2025

У нас союзнические отношения с…

Заместитель директора ТРК Президента РК Аскар Джалдинов спросил Президента России…
Маус 19, 2025

«Я не вижу никаких осложняющих…

 Отвечая на вопрос заместителя директора ТРК Президента РК Аскара Джалдинова, Президент…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет