Бейсенбі, 04 Ақпан 2016 16:34

Сыйластығымызға сызат түспесін!

Көзбен көргенді, көңілге түйгенді айтамыз. Жексенбіде Есіктің төменгі жағындағы саяжайда Р.Тоқатаев атындағы орта мектептің 5 сынып оқушысын «Газель» автокөлігі қағып кетті. Мән-жайды барласақ, өз жолымен жоғарыға жүйткіп келе жатқан жүргізушінің алдынан жеңіл автокөлік қарама-қарсы шыққан. Не істерін білмеген газель жүргізушісі жол жиегіне қарай рөлді бұра жөнелген. Сөйтіп, еш жазықсыз мектепке баруға бет алған қызды қағып, кейіннен ағашқа барып соғылған. Жүргізушінің оң жағында отырған 22 жасар азаматтың аяғы сынған. Басына қан құйылған қыз болса, аудандық емханада ауыр халде жатыр. Оқиғаның жай-жапсары тергелуде. Бұл сенсация емес, тек көңіл жабырқатар жайт. Осы жіпті өзіңізге қарай тартсаңыз, бірқатар мәселелердің ұшы көрінетіні тағы бар. Әңгімені әріден тарқатайық...

 

Осыдан екі-үш жыл бұрын «саяжай маңы қараңғы, тастүнекте тротуар тұрмақ, қара жолды таба алмай жүрміз» деп дау шығарғаны есімізде тұрғындардың. Жарым түнде ине іздеуге боларлық жарық орнатылды.  «Жол белгілері жоқ» дедік. Ол да орындалды. Тіпті, 7-км-ге бағдаршам да қойылды. Ал оны елеп жатқан ешкім жоқ. Айналасына қарайды, адам болмаса зу етіп өте шығады қызылдан. Тіпті, кейбір «көкелер» адамды да елемейді. Ондайды бірнеше мәрте көзім көрді. «Күте тұрмайсың ба? Қайда барасың?...» деп жаяу жүргіншіге дүрсе қоятындары табылады. Бұл белгілер мен тәртіп кім үшін сонда? Жақында әлеуметтік желілерде жарияланған Эфиопиядағы тәртіп талайды таңдандырды. Білмесеңіз айтайық, Эфиопияның астанасы Аддис-Абебада жүргізушілер ешқандай айырма белгісіз, бағдаршамсыз-ақ жол ережесін керемет сақтауда. Көлік жүргізушілерінің бір-біріне деген сыйластық, құрметі – заңнан да биік екен. Осыған қарап отырып, қайда кетіп барамыз деген ой келді. Арғы тегіміз алаштан тараған, бір-бірін дос-бауыр санаған, жақынына балаған елдің ұрпағы емес пе едік? Әлем сыйластық пен бауырмалдықты бізден үйренуі керек қой.

Жақында тағы бір жайттың куәсі болдым. Бүгінде тұрғыны он мыңнан асқан Есіктің төменгі жағындағы саяжайдан 1000-нан астам оқушы аудан орталығына қатынайды. Дәлірек айтсақ, аудан басшыларының қамқорлығымен әр мектепке белгіленген күн-түні автобус жүреді. Бастапқыда оқушылар өз аялдамасынан түсіп, арнайы жаяу жүргінші жолағымен жолдан өтіп, үйіне қарай өзі беттейтін. Кейіннен жолақтың бойында баланы қаққан фактілер тіркелді. Әдеттегідей асығыстық салдары. Содан ұстаздарды жолдан өткізуге бекітті билік. Қолдарына ала таяғын ұстап, енді ұлағат иелері жол бойында көліктерге жалынғандай таяқ көтеріп әуре.  Бойында адами құндылығы бар азаматтар тоқтап, жол береді. Ал ессіз кеткен есерсоқтар оған иланып жатқан жоқ. Әрине, жол патрульдік полициясына тоқтамайтындар, құзыры жоқ мұғалімдерді қайтсын? Осындайды көріп тұрып Мөңке бидің:

Кер заманның кезінде,

Көлдің суы бітіп, табаны қалар,

Аттың жүйрігі кетіп, шабаны қалар.

Жақсының атағы кетіп, азабы қалар,

Әулиенің әруағы кетіп, мазары қалар.

Адамның жақсысы кетіп жаманы қалар, – деген асыл сөзі ойға оралатынын несіне жасырайық.

Көліккке мінсек те, қара жолда қара жаяу жүрсек те адамдықтан айнымайық. Көліктің маркасына, жүргізушінің қалтасына емес, самайдың ағарғанына, үлкенге іні бола алғанына қарай құрметтейік. Сіз біз десіп сыйласқанға не жетсін, шіркін. Сөзге тоқтайтын жан болса құба-құп. Жел сөз деп желіккендерге сонау заманда Мөңке би де бағасын берген. Одан асып айтарымыз да жоқ:

«...Сөздің маңызы кетіп, самалы қалар,

Сөйтіп ақылы жоқ санасыздардың заманы болар». 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 3262 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 18, 2025

Интернет алаяқтықпен күрес күшейтілді

Цифрлық технологиялардың дамуымен қатар интернет алаяқтық түрлері де қарқын алуда. Осы…
Сәу 18, 2025

Табиғатқа инвестиция: Есік көлін…

Алматы облысы аумағындағы «Есік көлін» жаңарту мақсатында, 2024 жылдың 20 желтоқсанында…
Сәу 18, 2025

Тұрақты даму мақсаттары

2025 жылдың 9 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Экономика және…
Сәу 17, 2025

Сарсаңға салған «синтетика»

 Әр заманның, қоғамның өзінің кемшін тұстары болады. Кешегі Кеңес үкіметі тұсында қазақ…
Сәу 17, 2025

Балық шаруашылығының бағбаны еді

1940 жылдың 24 сәуірі Олжаевтар әулеті үшін ерекше күн болды. Өйткені, нақ аталған күні…
Сәу 17, 2025

Сарқылмас білім бұлағы

Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа…
Сәу 17, 2025

Их имена не должны быть забыты

Бакыт Исмагулова, ветеран Каракемерской в/ч 6654 Национальной гвардии РК, до выхода на…
Сәу 17, 2025

Батыр патриот

Биылғы жылы Қазақ Республикасы құрамында болған Кеңес Одағының фашистік Германияны…
Сәу 17, 2025

Память зависит от ныне живущих…

В годы Великой Отечественной войны 13 уроженцев Енбекшиказахского района стали Героями…

Күнтiзбе

« Сәуір 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет