Бейсенбі, 31 Наурыз 2016 11:29

Серіктестік сәулесін шашты

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестігін дамыту Ұлт Жоспарының 34-ші қадамы. Осы негізде Бәйдібек би ауылында тұңғыш жекеменшік балабақша бітуге жақын. Кәсіпкер Асия Алдажарова ниет білдіріп, жергілікті әкімдік қолдап, өзара ынтымақтастықтың нәтижесіндей болған 50 орындық балалар бақшасы толық талапқа сай. 27 сотық жерге бой түзеп жатқан осынау ғимараттың өзінде болған едік.

 

Округ әкімі Ержан Әмірденов екеумізді Асқар Алдажаров қарсы алды. Ғимарат ішін аралатып, барлық бөлмелерді таныстырды. Кәсіпкердің айтуынша, балабақшаның іргетасынан бас-тап, шегесіне дейін сертификатталған. Барлық мемлекеттік талаптың негізінде бой көтеріп отыр.

– 3-5 жас аралығындағы бүлдіршіннен екі топ қабылданады деп жоспарлап отырмыз. Яғни, бір топқа 25 бала. Мұнда жатын бөлме, ойын, акт залдары асхана, басқа да бөлмелер заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтылады. Тіпті, ауласын абаттандырудың өзіне 5 млн теңгеге жуық қаржы жұмсауды көздеп отырмыз, – дейді                           Асқар Алдажаров.

Сондай-ақ, мұнда 30-ға жуық жұмыс орны ашылады. Ең маңыздысы да осында: мамандардың еңбекақыларын мемлекет төлейді. Ол турасында:

– Елбасымыздың көреген саясатының нәтижесінде қазір істеймін деген кәсіпкерлерге жол ашық. Балабақшаны өзіміз салып отырғанмен, мемлекет тарапынан зор қолдауға ие болдық. Тіпті, құжаттарымызды заңдастыру, бағытын түзеуге округ әкімдігі қолдау көрсетті. Қазіргі уақытта да күн      сайын хабарласып, болмаса келіп, жағдайымызды сұрап отырады билік өкілдері. Оның өзі бізге күш береді. Сенімді жұмыс жүргізуімізге серпін береді. Сондай-ақ, қызметкерлердің еңбекақыларын да енді мемлекет төлейді. Соның нәтижесінде бүлдіршіндеріміз балалық шақтарын естен кетпестей өткізеді әрі ұлт ертеңін ойлайтын жастар өседі. Елбасымызға, облыс, аудан басшыларына мың алғыс!, – деп ағынан жарылды кәсіпкер.

Күре жолдың бойына қоныс тепкен осынау округте бүгінде 300-ге жуық бүлдіршін балабақша кезегінде екен.

– Серіктестікпен салынған бұл балабақша мәселені түбегейлі шешпесе де, бір жағымыздан шығады. Дегенмен құр қарап жатқан жайымыз жоқ. 280 орындық балалар бақшасын салуға жер бөлініп, құжаттары рәсімделіп, дайын тұр. 2017-18-ші жылдардың бюджетіне белгіленді. Дегенмен оған дейін де тағы бір кәсіпкер серіктестікте жұмыс істеуге ниет білдіріп жүр. Бұйыртса, ол да оң шешімін табар деген үміттеміз, – дейді Ержан Әмірденұлы.

Ал ынтымақтастықтың ырысындай болған бұл балабақшаны кәсіпкер Асия Алдажарова осы жылдың 1 маусымында округ балаларына тарту етсек деген ниетте. Қазір құрылыстың 80 пайызға жуығы тәмам. Сондықтан ауыл бүлдіршіндерінің қоныстой тойлауға күні жақын. Ұлт жоспарын ту еткен, сөйтіп өз өлкесін түлеткен мұндай кәсіпкерлеріміз көбейсін деп аттандық құрылыс алаңынан.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 3106 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Серіктестік сәулесін шашты Алты оқушы жүлделі »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет