Бейсенбі, 31 Наурыз 2016 11:45

Сенен артық өлкені бұл әлемнен табам ба?

Сенде тас та қадірлі, аспанда анау,

Сенде жанды тербетер дастан бар-ау!

Менің мына өмірге құштарлығым,

Сені жақсы көруден басталады-ау! – деп ақын Қадыр Мырза-Әлі жырлағандай әр адамға туған жері – жұмақ. Өйткені, сан ғасырлар бабаларымыз қызғыштай қорғап, кейінгі ұрпағына аманаттап кеткен туған жер – Отан оттан да ыстық. Қазақ елі армандаған тәуелсіздікке қол жеткізгелі де міне, ширек ғасыр. Туған елінде өзін ханзададай сезінетін Қазақстанның әрбір азаматы туған жеріне тағзым жасайды. Алыс кетсе, бір уыс топырағын аңсайды, жусан исін сағынады.

 

    Ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай, таныс өлке, таныс аймақ, таныс маңда балалық шағын өткерген туған жерден артық жер бар ма? Наурыз мейрамы – жаңа жылмен бірге Сарыбұлақ ауылының тұрғындары ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын да бірге атап, «Туған жерге тағзым» деген игі шара өткізді. Ауыл болып атап өткен бұл қуаныш тойында Қаражота селолық округінің әкімі Ерік Рахымбаев ел тәуелсіздігін алғалы бергі жақсылық пен жетістіктер жайлы толғана әңгімелесе, ауылдың Ноянбай, Әбдуәли сынды ақсақалдары ынтымақ бар жерде ырыс-құт бірге жүретінін, Елбасы Н.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында Қазақ елін әлем танығанын жастарға үлгі етті. Ал, ақынжанды ардақты ана Емелхан Қайыпова бұл қуанышқа жырдан шашу шашты. Ауылдың ақ жаулықты Күміс, Бипай сынды апайлары Османқұлдың Кененге арнаған әнін, «Кәрілік» термесін тебірентсе, кимешекті келіндері мың бұрала би биледі. Ауыл тұрғындарынан құралған шағын оркестр «Туған жер» атты сазды әуенді сан аспаппен үйлестіре орындаса, Медетақын Қадырбай «Туған жер туралы» толғауын арнады. Мектеп оқушылары мен мұғалімдері де құлақтан кіріп, бойды алар әндерді әуелете орындап, түрлі ұлт билерінде мың бұралды.

Қуанышқа арнайы шақырылған Шелек мәдениет үйінің қызметкері Қалбүбі Сқақова қонақкәдеге тамылжыта ән салды. Осы игі шараны ұйымдастырған Сарыбұлақ ауылдық мәдениет үйінің директоры Қарлығаш Қосалиева кешті қорытындылап, ауыл болып «Қаражорға» биін билеп, ұлыстың ұлы күніне арналған наурыз көжеден дәм татысып, думандатып тарасты.                         

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 2921 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет