Бейсенбі, 28 Сәуір 2016 12:12

Қала жастары белсенділік танытты

Аудан орталығында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мәдени-көпшілік шаралар жиі ұйымдастырылуда. Осы игіліктің жалғасы ретінде жуырда Есік қаласында  мерекелік велошеру өтті. Шараға тұрғындар, қала мектептерінің оқушылары мен колледж студенттері, оқытушылар және мекеме қызметкерлері қатысты.

 

Есік қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыруы-мен, «JI» жарнамалық агенттігі және «IssykLife» компаниясының қолдауымен өткізілген велошерудің мақсаты – саламатты өмір салтын насихаттай отырып, әр азаматтың спортты дамытуға өзіндік үлесін қосуды насихаттау. Шерудің ашылу салтанатында Есік қаласының әкімі Б.Бименов қатысушыларға табыс тілеп, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне әрбір қала тұрғынының осылайша белсенді үлес қосқаны үшін алғыс білдірді.

Велошерудің өткізілу ережесі-мен таныстырған «IssykLife» компаниясының директоры А.Бурдасов қауіпсіздік шаралары мен шеру бағытын айтып өтті. Аудандық мәдениет үйінің алдынан бастау алған велосипедшілер қатарын Б.Бименов  бастап Абай көшесімен жоғары жүрді, Жамбыл даңғылы бойымен өтіп, Набережная көшесімен төмен түсіп, Ш.Уәлиханов көшесімен аяқтады.

Белсенді деп танылған шерудің ең жас қатысушысы 11 жасар А.Алдияр, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қ.Айсина  қала әкімінің арнайы алғыс хатымен марапатталды. Мерекелік велошерудің соңында қала тұрғындары ұйымдас-тырушыларға ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.

Айдын БАЙТІЛЕУОВ,

спорт ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушы.

Оқылды 4283 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет