Сенбі, 11 Маусым 2016 09:58

Қолы қимылдағанның – аузы қимылдайды

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Алмас Найзабеков: «Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп – көп салалы өндірістің қатарына жатады. Атап айтсақ, оның негізгілері – тоқыма, тігін, мақта, мата, былғары тері илеу. Басты саласы – тігін өнеркәсібі. Экономикалық дағдарыстар орын алған өтпелі кезеңде бірқатар қиындықтар туғанына қарамастан тігін өнеркәсібі қарқынды дамуда» – дейді. «Мәселен, Қызылшарық ауылында орналасқан мектеп оқушыларының арнайы киімдерін тігетін «Шелек Болашақ» ЖШС көлемін кеңейту мақсатында Ават ауылында жаңа ғимарат салып, көшіруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, «Арай-2015» ЖШС-і халық шаруашылығының өзге салалары үшін арнайы қолданыстағы бұйым (арнайы сырт киім, ведомстволық киім) шығаруды қамтамасыз етуде. Есік қаласындағы «Тамара» тігін шеберханасы ұлттық киімдер тігумен айналысуда» – деп мәлімдеді Алмас Тынышбекұлы. Алайда, біз ол кісінің аузынан «Арлан 777» тігін фабрикасы жайлы бірде-бір ақпарат естімедік. Үш жетілік қайда кетті? Әлде тиісті дәрежеде қолдау таппаған соң, орнын ауыстыруға бел байлады ма? «Бүгін бар да ертең жоқтың» күйі ма деген жылтың ойдың да туғаны жасырын емес. Ендеше, ауданымыздағы жеңіл өнеркәсіптің жайы қандай, анықтап көрейік...

 

Сонымен, аудандық кәсіпкерлік бөлімі басшысының тіліне тиек болғандардың ішінен «Тамара» тігін шеберханасына тоқталуды жөн көрдік.

1999 жылы Қарақалпақстаннан келіп, туған жерге ту тіккен Далиева Тамара Рүстемқызы алғашында саудамен айналысып, кейіннен «Бақтияр» базарының ішінен жалға контейнер алып, ол жерде киім өңдейтін цех ашады 2003-2004 жылдары. Жалғыз өзі үлгермегендіктен жанына тігінші қыздар алып, бір-екі адамды жұмыспен қамтиды.

–       Мамандығым – суретші-дизайнер. Суретке, ою-өрнекке қызығушылығымды оятқан әкем Рүстем Далиев болды. Ол кісі де суретші. Әсіресе, әкемнің қолынан шыққан оюлы сандықтары көрген жанның есін алады. Көп жылғы еңбегінің арқасында Еңбек ардагері атанған. Бүгінгі таңда қарамағымдағы «Тамара» дизайнерлік студиясында алты адам тұрақты жұмыс істейді. Жалақылары да жаман емес. Негізгі бағытымыз – ұлттық нақыштағы киімдерді насихаттау, дегенмен, әкімшіліктің қызметкерлеріне де, мұғалімдерге де костюмдер тігеміз. Сонымен қатар, кішкентай ұл-қыздардың ұлттық киімдерін де осы жерден табуға болады. Киімдер жалға да беріледі. Бағалары әр түрлі. Сапасына қарай сыны демекші, біздегі костюмдер бағасы 10 мың теңгеден басталады. Ұзатудың көйлектері 100 мыңға дейін барады кейде, – деген Тамара Рүстемқызы қынжылысын да жасырмады. «Ең қиыны – кәсібімді ашамын деушілерді қолдап, демейтін билік жоқ. «Жансая» сауда орталығының ішінен орын тепкен студиямның ашылуы наурыз айында болды. Оған дейін, яғни, қаңтар айында мен алдымен қалалық әкімшілікке бардым қолдау іздеп. Бірақ, өкінішке қарай, тіптен қабылдауына да кіре алмадым. Ренжулі қалпыммен аудандық әкімшілікке, кәсіпкерлік бөліміне бұрдым аттың басын. Ол жерден мені «Жұмыспен қамту орталығына» тіркелуге жіберді. Хош, онда да бардым. Аз пайызбен берілетін несие ғой – көздегенім. «Артынан хабарласамыз» деген уәде орындалмаған соң өзім несие алып, осы студияны аштым. Негізінен, микрокредитпен жұмыс жасаймын. Келушілер қатары аз емес, кәсібім жүріп жатыр. Әйтсе де, жеңіл өнеркәсіп саласына теңізге құйған тамшыдай болсын үлесіміз тиіп жатқан соң, билік тарапынан қолдау болса деймін» – деп ойын сабақтады «Тамара» тігін шеберханасының тізгінін ұстап отырған Тамара ханым.

Жеке кәсіпкер Тамара                                                Далиева студиясында аптасына үш рет оқыту курстарын жүргізеді екен. Мұнда тігіншіліктің сырына қанығам дейтін қыздар келіп іс жүзінде жұмыс барысымен танысады, үйренеді. Арасынан жұмысы көңілінен шығатындарын тұрақты жұмысқа да қабылдауға мүмкіндігі жоқ емес.

«Еңбегіне қарай өнбегі» екенін білген Тамара Рүстемқызы «Қолы қимылдағанның аузы да қимылдайтынын» өз тәжірибесінен жақсы біледі. Дизайнерлік студияның есігі сағат таңғы 9-дан кешкі 17.00-ге дейін айқара ашық. Енді ұлттық киім іздеп шарқ ұрмай, «Тамара» тігін шеберханасынан қалаған үлгідегі қазақы киімді тауып алуларыңызға мүмкіндік бар, құрметті оқырман!

Алмагүл НҰҒМАН.

Оқылды 3520 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет