Бейсенбі, 13 Қазан 2016 13:23

Тың бастамалар таныстырылды

Сәрсенбі күні аудандық әкімдіктің мәжіліс залында салық жүйесіндегі өзгерістер мен түзетулерді түсіндіру мақсатында семинар өтті. Жиынға Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Үшінші елдердің және Кеден одағының импортын әкімшілендіру бөлімінің басшысы Жеңіс Ердәулетұлы, Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы Кенжеғазы Есембеков, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының  басшысы Аманқұл Садиров және салық төлеушілер қатысты.

 

Алғашқы болып сөз алған Жеңіс Ердәулетұлы электрондық шот-фактуралардың артықшылықтарына тоқтай келе бұл жүйенің тиімді екенін жеткізді:

– Батыс Еуропа елдерінде шот-фактуралардың 90 пайызы электрондық түрде өңделеді. Ресей Федерациясы ерікті негізде электрондық шот-фактураларды 2011 жылдан бастап, ал Әзірбайжан мемлекеті 2010 жылдан бастап пайдаланады. ЭШФ жазбасы электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) жүргізіледі және оның әкімшісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті. Сондай-ақ, ЭШФ артықшылықтары жетерлік. Айталық,  ЭШФ АЖ ақысыз негізде жүзеге асырылады. ЭШФ салық заңнамасымен белгіленген уақыт мерзімінің өтуі ішінде ЭШФ АЖ-де сақталады және кіруге рұқсат берілмегендерден қорғалады. ЭШФ-ны жазу уақыты 7 күннен 15 күнге дейін ұзартылады, қате жіберудің алдын алады. Сонымен қатар, қағаз құралы мен мөрді дайындау уақытын үнемдеп, шот-фактураны шетел валютасымен жазуға мүмкіндік береді – деді Жеңіс Ердәулетұлы.

Тауарлардың сапасын, шығарылған күні мен өнімді дайындаушы компанияны, қысқаша айтқанда, өнім туралы толық ақпаратты беретін «Wipon» мобилдік бағдарламасын таныстырған Кенжеғазы Есембеков қалай қолдану керектігін түсіндірді. Айтуынша, кез-келген смартфонға жүктеуге болатын бағдарлама арқылы арақтың кез-келген түрі туралы ақпаратты ала аламыз. Ол үшін бағдарламаны телефонға жүктеп, дүкен сөресінде тұрған арақтың қақпағындағы арнайы белгіге жақындатамыз. Бағдарлама белгіні сканерден өткізгеннен кейін барлық ақпаратты экранға шығарады. Олай болмаған жағдайда, тауарыңыз заңсыз жолмен дайындалған. Бұл туралы құзырлы органға хабар бере аласыз. Ол үшін экранға шыққан хабар беру түймесін бассаңыз жеткілікті. Осы бағдарламаға тіркелу арқылы кез-келген қолданушы акция қатысушысы атана алады. Тұтынушы әрбір тауарды тексерген сайын, ақпараттар салық комитетіне тіркеліп отырады. Ай сайын жеңімпаздар марапатталады. Сонымен қатар, барлық дүкендерде фискальді чек болуы міндетті екендігін айтты Кенжеғазы Есембеков. Тұтынушы ел аумағындағы барлық дүкендерден фискальді чек талап етуге құқылы. Егер сатушы чек бермеген жағдайда, мемлекеттік кірістер басқармасына шағымдануға болады. Фискальді чек бермеген дүкендердің үстінен  «Wipon» мобилдік бағдарламасы арқылы да шағымдануға да жол ашылған.

Бұл бағдарламаларды ел арасында кеңінен насихаттаудың негізгі мақсаты – көлеңкелі бизнестің алдын алу. Мемлекетке салық төлеуден жалтарып жүргендерге тосқауыл болу.

Жақында осы тақырыпта аудандық кірістер басқармасында өткен жиналыс-та да басқарма басшысы Аманқұл Садиров көптеген кәсіпкерлердің жоғарыда «көкесі» бар екендігін айтқан болатын. Сол мекемелерге тексеру жүргізе қалса, ортаға таныстарын салып, салықтан жалтарып жатады.

– Осыған байланысты, алдағы уақытта мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері «Нұр Отан» партиясымен және бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе тексеру жұмыстарын жүргізеді. Бұл өз кезегінде, салықтан жалтарушылардың «тәубесіне түсуіне» септігін тигізеді – дейді басқарма басшысы.

Сардарбек НҰРАДИН. 

Оқылды 3826 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет